Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Əуесқой спортшылар арасында веложарыс өтті

Əуесқой спортшылар арасында веложарыс өтті

Соңғы жылдары Қазалы ауданында салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорттық шаралар жиі өткізіледі.
Жыл сайын жастардың да спортқа қызығушылығы артып, дәстүрлі түрде әуесқойлар арасында веложарыс ұйымдастырылады.
Соның бір дәлелі, «Ұлт саулығы» идеясын насихаттау үшін бүгін аудан орталығында өткізілген «Tur de Qazaly 2018» веложарысы. Жарысқа 15-30 жас аралығындағы 50-ден астам жас спортшылар қатысты.
Велоспортты дамыту мақсатында өткізілген абсолюттік біріншілікте 18 шақырымдық жарыс жолында алғаш мәреге келген спортшыларды марапаттау салтанатында Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғани Темірбаев пен «Заң заңғары» компаниясының өкілі Рауан Есбергенов жеңімпаздарға дипломдар, медальдар, ақшалай және бағалы сыйлықтар табыстады.  
Жеңімпаздарды марапаттау 3 санатқа бөлінген. Жүлделер де сәйкесінше белгіленген санаттар бойынша табысталды. «А» санаты бойынша І орынды Әбубәкір Ырысбек, ІІ орынды Орынбасаров Бауыржан, ІІІ орынды Өндірей Жандәулет иеленді.
«В» санаты бойынша І орын Орынбасаров Бауыржанға, ІІ орын Елубаев Мирамбекке, ІІІ орын Әбілғазы Ақтілекке берілді. Ал, «С» санаты бойынша І орын жүлдесімен Әбілғазы Ақтілек, ІІ орын жүлдесімен Жеңіс Самат, ІІІ орын жүлдесімен Дәли Абдолла марапатталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын, жас велоспортшылар! Жеңісті күндеріңіз көп болсын! Сонымен қатар, веложарысқа белсене қатысқан жастарға алғыс білдіреміз.
Жарысты ұйымдастырушы "Zangar Sport" қоғамдық бірлестігі. Демеушілер "Aspan Design Studio", "ТОТАМ" кəсіби косметика дүкені жəне "Заң заңғары" компаниясы.
10 қыркүйек 2018 ж. 1 855 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 137

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 130

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 118

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 116

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031