Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан ардагерлерінің спартакиадасы өтті

Аудан ардагерлерінің спартакиадасы өтті

Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Қазалы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі және "Аудандық ардагерлер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылы шілде айының 9-11 аралығында Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығы мерейтойы аясында бірнеше спорт түрлерінен ардагерлер спартакиадасы өтті. 
Жалаңтөс баһадүр атындағы орталық стадионда ұйымдастырылған спорттық ойындарға ұйымшылдықпен қатысқан спортшы ардагерлер шахмат, дойбы (әйелдер, ерлер), қол күресі, үстел теннисі, мылтық ату секілді спорт түрлерінен сайысқа түсті. 
Шахмат ойыншылары арасынан шебер ойынымен басымдық танытқан Есенжолов Қанатбай І орынды, Маханов Әли ІІ орынды, Сарбалаев Шәки ІІІ орынды иеленсе, дойбыдан ерлер арасында жүлделі І орынды Мамаев Марат, ІІ орынды Мәмбетов Нұрбай, ІІІ орынды Байымбетов Ерсайын жеңіп алды. 
Ал, әйелдер арасындағы дойбы ойындарында Шалболова Күлжахан І орынды, Муйтенбаева Күляш ІІ орынды, Рахымбекова Шәрбат ІІІ орынды еншілесе, қол күресінен (ерлер) Жақып Сағындық І орын, Түрікпенәлі Бақытжан ІІ орын, Таңатов Пірәли ІІІ орын жеңімпаздары атанды. 
Үстел теннисінен сайыста І орынды Сәлмен Мұхтар, ІІ орынды Алғашбаев Әбілқасым, ІІІ орынды Бегалиев Сағидулла жеңіп алды. 
Спартакиада көрігін қыздырған мылтық атудан Сұлтан Жұмамұрат І орын, Баймұрат Кәрім ІІ орын, Жанпейсов Ерсейіт ІІІ орын жүлдегері болды. 
Спартакиаданың жабылу салтанатында аудандық ардагерлер кеңесінің өкілі Дүйсен Мәлкайдар сөз сөйлеп, жеңімпаздарға арнайы марапаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
12 шілде 2018 ж. 1 535 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 135

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 126

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 95

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031