Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық сақшылары салауаттылықты қолдайды

Денсаулық сақшылары салауаттылықты қолдайды

Астана қаласынның 20, Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай аудандағы денсаулық сақтау қызметкерлерінің қолдауымен бірнеше спорттық ойын түрінен спартакиадалық жарыс өтті.
Медицина қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, бұқаралық спортты одан әрі дамыту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа қатысушылар арқан тарту, дойбы, қол күрес, волейбол, эстафеталық жарыс, шағын футболдан сынға түсті. Орталық емхана, орталық аурухана, «Жетес би», «Болат жолы» аймақтық емханалары, ауылдық емхана, ауылдық аурухана және Қазалы қаласындағы денсаулық сақтау мекемелері қатысқан спартакиадаға аудандық спорт бөлімінің мамандары төрелік етті.
Тартысты өткен дүбірлі додада жалпы командалық есепте орталық емхана ұжымы бірінші орын тұғырына көтерілді. Ал екінші, үшінші орын мәресінен орталық аурухана және ауылдық емхана командасы көрінді. Топты жарып алға шыққан орталық емхана командасына ауыспалы кубок табысталып, бірінші дәрежелі Диплом мен бағалы сыйлық берілді. Қалған жеңімпаз командалар да бағалы сыйлық және Дипломмен марапатталды. Жеке спорт түрлерінен І, ІІ, ІІІ орындарға ие болған жүлдегерлерге медальдар тапсырылды.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ
10 шілде 2018 ж. 1 522 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 153

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 140

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031