Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қызылордалық мемқызметшілер «Challange Сенің жаңа қырың» бастамасына қолдау білдірді

Қызылордалық мемқызметшілер «Challange Сенің жаңа қырың» бастамасына қолдау білдірді

Қызылордалық мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері органдарының құрылғанына 20 жыл толуына орай және «Challange Сенің жаңа қырың» атты республикалық спорттық бастаманы қолдау мақсатында веложарыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сырбойылық мемлекеттік қызметшілер ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бірлесіп ұйымдастырған веложарысы арқылы, Елбасы бейнеүндеу жариялап, қолдау білдірген «Challange сенің жаңа қырың» акциясына облыс тұрғындарын белсене қатысуға шақырды. Веложарыстың мақсаты - мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдық мерейтойы аясында «Challange Сенің жаңа қырың» республикалық спорттық бастамасын қолдау, мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау болып табылады. 100-ден аса мемлекеттік қызметшілер қатысқан спорттық іс-шаралар «Сыр Ана» монументі алаңында ашық жаттығулар өткізуден басталды. Сенбілік таңда қала тұрғындарымен бірге кешенді жаттығулар жасап, бой сергіткеннен кейін, спортты жанына серік етіп, салауатты өмір салтын ұстанған Қызылордалық мемлекеттік қызметшілер веложарыста бақтарын сынап көрді. Қызықты да тартысты өткен веложарыстың жеңімпаздары Департаменттің дипломымен, кубогымен марапатталды.
inform.kz
27 мамыр 2018 ж. 461 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30