Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан спортшылары алған асу

Аудан спортшылары алған асу

Бүгінге дейін №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жеңістері туралы газет бетіне жариялап келеміз. Оның ішінде таэквондо, грэпплинг, грек-рим күресі мен зілтемірші жастарды көрсеттік. Сондай-ақ осы мектепте жаттығып, аудан намысын арқалаған ұл-қыздардың мақтауын асырып, дүбірлі додаларда сәттілік тілеп, жеңістің қуанышымен бөлісеміз.
Нақтыласақ, наурыз айының 12-19 күндері аралығында Қостанай қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарыстың алғашқы күнінде төбемізді көкке жеткізген зіл темірші қыз Алтынай Тәңірбергенова болды. Ол 59 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алтыннан алқа тақты. Біз үшін жеңіспен басталған жарыс келесі күні де жалғасын тапты. Мектептің мақтаныштары Аяжан Нұржан 64 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанса, 71 келіде сынға түскен Таисия Алексеева жарыс­ты жеңіспен қорытындылады.
Спортшылардың жаттықтырушысы Азиз Жақсылық ер мінезді арулардың алаңға шыққанда намысты қолдан бермейтініне таң қалатынын айтады.
– Осыған дейін ауыр атлетикадан төмен көрсеткіш көрсеткен емеспіз. Бұл жолы да абыроймен елге оралдық. Қыздарым дайындықта бөлек, ал жарыста зіл темір көтеруге шыққанда өзгеріп сала береді. Бар күш-жігерлерін жинап, жеңісті жұлып алуға дайын тұрады. Мінез көрсете біледі. Соның арқасында жүлделі орындардан табылып келеміз. Алдағы күндері аудан халқын осындай жетістіктермен қуантамыз деген ойдамыз, – деді жаттықтырушы.
Қазақ халқында «Қос тойың қабат келсін» деген сөз бар. Аталмыш спорт мектебіне наурыз айы олжалы болды десек қателеспейміз. Айта кетерлігі, наурыз айының 11-14 күндері аралығында Ақмола облысы, Щучинск қаласында грэпплинг және грэпплинг ги спорт түрлерінен үлкен жасөспірімдер және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогы сарапқа салынды.
Аталған жарыстың қорытындысы бойынша №17 мектептің грэпплинг бөлімшесінің спортшылары жүлделі орындардан көрінді. Атап айтсақ, грэпплинг спорт түрі бойынша Ерсұлтан Қайыржан 42 кг салмақтағылар арасынан үздік деп танылып, бірінші орынды қанжығасына байлады. Ал 56 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ақниет Мақсатбек екінші орынды місе тұтса, 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айда Оралбай үшінші орынды қанағат қылды.
Сол секілді грэпплин ги спорт түрі бойынша 42 келі салмақ бойынша Ерсұлтан Қайыржан, 52 келіде Айда Оралбай, 56 келіден Ақниет Мақсатбек алаңға шығып, өнерлерін көрсетті.
Нәтижесінде спортшылардың барлығы үшінші орынға табан тіреді.
Грэпплинг бөлімшесінің жаттықтырушысы Жансая Мұраттың айтуынша, бұл да болса жаман көрсеткіш емес.
– Спортшыларыммен мақтанамын. Бірінен бірі қалмай үнемі жаттығумен болады. Соның нәтижесін үлкен додаларда беріп жатыр. Барлығы болмағанымен аталған жастар жеңіс төрінен көріне білді. Мұның өзі ауыз толтырып айтарлықтай жеңіс. Бұл басы емес. Олардың әлі талай биіктерден көрініп, аудан атын шығаратынына сенімім мол. Осы ретте бізге қолдау көрсеткен жандарға үлкен алғысымызды білдіреміз, – деді ол.

А.БАҚЫТҰЛЫ
29 наурыз 2022 ж. 1 591 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930