Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зілтеміршілер жеңісі: 1 алтын, 1 күміс, 1 қола

Зілтеміршілер жеңісі: 1 алтын, 1 күміс, 1 қола

Жақында жас қазалылық спортшылар Орал қаласында өткен зілтеміршілер арасындағы ел чемпионатынан жеңіспен оралды.
Батыс Қазақстан облысындағы білектілер бәсекесінде аудан орталығындағы №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері Алтынай Тәңірбергенова 40 келі салмақта алтыннан алқа тағынды. Осымен үшінші мәрте ел чемпионы атанған талантты жерлесіміз серпе көтеруде 52 келіні бағындырып, еліміздің рекордын жаңартты. 55 келі салмақта бақ сынаған Аяжан Нұржан екінші орынға ие болып, Қазақстан Республикасының Спорт шебері нормативін орындады. Ал, 40 келіде өнер көрсеткен тағы бір қазалылық Таисия Алексеева қола медальға қол жеткізді.
Республикалық жарыста жерлестеріміздің жеңіске жетуіне №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Азиз Жақсылықтың еңбегі орасан. Бүгінгі таңда Азиз жаттықтыратын зілтемірден спорт үйірмесінде 30 бала жаттығып жүр.
Айта кетейік, қазан айының 11-16 күндері Орал қаласындағы "Арман" спорт кешенінде ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты өткен болатын. Байрақты бәсекеде Қызылорда облысының құрамасы жалпы командалық есепте ұлдар арасында бірінші, қыз балалар сынында үшінші орынды жеңіп алды.
Ж.СОВЕТҰЛЫ
18 қазан 2018 ж. 1 448 0

19 наурыз – Жаңару күні

19 наурыз 2024 ж. 35

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031