Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерлестеріміз жеңіс тұғырында

Жерлестеріміз жеңіс тұғырында

Аудан намысын қорғайтын спортшы қыздар Қазақстан Республикасы чемпионатынан жүлдемен оралды. 2021 жылдың мамыр айының 1-2 күндері аралығында Шардара қаласында 2001-2003 жылы туған жастар арасында және 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында грэпплинг күресі спорт түрінен чемпионат ұйымдастырылған еді.
№17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің қыздары грэпплинг және грэпплинг ги (кимономен) спорт түрлері бойынша сынға түсіп, республикалық турнирден 4 медаль еншіледі. ­Меруерт Дәулетбаева есімді оқушымыз жастар арасында 49 келі салмақ дәрежесі бойынша ІІІ орын иеленсе, үлкен жасөспірімдер арасындағы сында ­Назерке Жұмаділова 90 келі салмақ дәрежесі бойынша ІІ орынға лайық деп танылды.
Жасөспірімдерді спортпен айналысып, жоғары жетістікке жетуге жетелеген спорт мектебінің грэпплинг бөлімінің жаттықтырушысы Жансая Мұратты және спортшы қыздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз.

Дина БӨКЕБАЙ
12 мамыр 2021 ж. 1 449 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 84

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930