Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арнаулы жүлде сарапқа салынды

Арнаулы жүлде сарапқа салынды

Сенбі күні Әйтеке би кентіндегі №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде КСРО спорт шеберлері Жеткерген Бекбосынов, Сәбит Болатов және спорт жан­ашыры әрі демеушісі Әбдіғали Мұратовтарды еске алуға арналған грек-рим күресінен аудандық ашық турнир өтті.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарыл­қағанов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Спорт мектебінің директоры Қуанған Бәкен бал­уандар арасындағы белдесулердің мән-маңызына тоқтала келе, мамыр айының басында Қостанайда өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында ел чемпионатының жеңімпазы атанған шәкірттерге құрмет көрсетті. Алтын медаль алған Алтынай Тәңірберген, Таисия Алексеева мен олардың жаттықтырушысы Әзиз Жақсылықты Құрмет грамотасымен марапаттап, сый-сияпат көрсетті. Сондай-ақ, осы мектептің алғашқы түлектерін, спорт ардагерлерін, Кеңестер одағының спорт шеберлерін №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің 50 жылдық мерекелік медалімен марапаттады.
Мұнан соң боз кілемге шыққан балуандар бірі-бірінен айласын асырып, өздерінің жеңіске лайықты екендіктерін көрсетті. Бұл ретте туған жердің намысын қорғаған ұландардың мерейі үстем болғанын айта кеткен орынды. Мәселен, әйтекебилік Еркебұлан Үржанов, Нұргелді Сырлыбай, Ерасыл Күзенбай, Қазалы қаласынан келген Дінислам Көптілеу, Көбейсін Алпамыстар өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанса, одан өзге бірнеше білекті қазалылық балуандар жүлделі орындардан көрінді. Тек 32 және 44 келі салмақта шалқарлық Айдын Бекет пен Ерасыл Орашов топ жарса, облыстық спорт интернатының спортшылары Мадияр Халық, Бисұлтан Зиядин, Саят Айдос та турнир жеңімпазы атанды.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлде­герлері ұйымдастырушылар тарапынан медаль, дипломмен марапатталды.

Жеңісбек СОВЕТҰЛЫ
25 мамыр 2019 ж. 1 971 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930