Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сезініп жұрттың қолдауын, олжалы қайтты оғланың

Сезініп жұрттың қолдауын, олжалы қайтты оғланың

Көз көргенді тіл жеткізуден жалықпайды. Бұған дейін аудандағы бұқаралық спортқа жасалып отырған қолдау жайында талай мәрте қалам тербедік. Жасанды жасыл алаңдар, үйлесімді үйірмелер, бірлесе жасалған тірлік бекер болмады. Бүгіннің өзінде қазалылық әуесқойлар кешегі кешендердің текке салынбағанын дәлелдеп, нәтиже көрсете бастады. Алайда барды жарыта алмау да бір өкініш болар еді. Бақытымызға орай, маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайтынын жете ұғынған қазалылық аяқдопшылар жыл басында басталған облыстық деңгейдегі додада топ жарып, аудан абыройын асқақтатты.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған аяқдопшылар чемпионаты осымен жетінші мәрте өткізілді. Бұған дейін Қазалы ауданының намысын қорғаған «Жігер» командасы үздік үштіктен түскен емес. Биылғы сайыс та оңай болмағанға ұқсайды. Үш ауданда екі айналымнан болған ойынның қорытындысы Қызылорда қаласында өтті. 2013 жылдан бері жасыл алаңда өнер көрсетіп жүрген жігерліктер өңірдің үш дүркін чемпионы атанып, алтыннан алқа тағынып қайтты.
– Турнирдің алғашқы сыны Жаңақорған ауданында басталды. Жан алысып, жан беріскен тарыста Шиеліні 2:0, Арал мен қармақшылық футболшыларды 3:0 есебімен жеңдік. Бұдан кейінгі сайыс «үйде», яғни Қазалыда өтті. Мұнда да Жалағаш, Жаңақорған мен Қармақшыны айқын басымдылықпен ұтып, Қызылорда қаласының құрамасына есе жіберіп қойдық.
Екінші айналымға жеткенде Жаңқорғанғанан жеңіліп, қалған қарсыластарды ұпайдан айырдық. Ал соңғы Қызылордада өткен ойында бірнеше гол айырмасымен аудандардың барлығының алдын орап кеттік. Осылайша кубокты елге арқалай қайттық, – дейді «Жігер» командасының қорғаушысы Ғабит Ешмаханов.
Футболшылардың сөзіне сенсек, Жалағаш құрамасы қазалылықтарға қарсы үздік ойын өрнегін көрсеткен. Қалалық аяқдопшылар да алтын үшін айқаста мінез көрсете алғаны көп айтылады. Дегенмен Дархан Ысқақов жаттықтыратын жігерлі жігіттердің бабы келісіп, асығы алшысынан түскен. Ойыншылар арасында ойын шеберлігімен көзге түсетін команда капитаны Жандосбек Нәбиевтің де көшбасшылығы әріптестеріне жеңіс жігерін сыйлағаны анық. Турнир қорытындысы бойынша жеке шеберлік танытқан қазалылықтар қанжығасы үздіктермен толысқанын айта кетейік.
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы. Мұны байқаған ұйымдастырушылар құрама бапкері Дархан Ысқақовты облыстағы үздік жаттықтырушы номинациясына лайық деп тапқан. Сол сияқты онға жуық ойынның басым бөлігінде қақпаны қарсыластың қаңғыған добынан қорғаған, сонысымен талай шабуылшының шамына тиген Нұрперзент Төребек «Үздік қақпашы» атағын иемденді.
Айта кетейік, «Жігер» командасының құрамындағы қырыққа жуық футболшының жан-жақты қолдау білдірген аудандық спорт бөлімінің басшысы Орысбек Жамшиітовке, жаттығу жұмыстарын ойдағыдай жүргізуге ықпалдасқан аудандық спорт кешенінің директоры Нұрлыбек Есболсыновқа айтар алғысы аз емес. Бел мен білек біріксе берекелі іс бітер деген осы болса керек.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
28 қыркүйек 2021 ж. 959 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930