Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазушы жүлдесі сарапқа салынды

Жазушы жүлдесі сарапқа салынды

Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазалы ауданының құрметті азаматы Әлмәмбет Әлішевті еске алуға арналған футболдан аудандық ашық турнир өтті. Додада жергілікті спортшылардан құралған аяқдопшылар командасы мен Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданынан келген спортшылар бақ сынасты.
Тартыстыөткенжарыс көрермендерге қызыққа толы ойын сыйлады. Турнирдің қорытындысы бойынша Қызылорда қаласының ұстаздарынан жасақталған «Штурм» командасы қарсыластарынан басым түсіп, жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші орынға «Намыс» командасы лайық деп танылса, үшінші орынды ауданның тағы бір командасы«Әмір» иемденді.
Еске алу турнирінде үздік ойын көрсеткен ойыншылар ұйымдастырушылар тарапынан ескерусіз қалмады. Нәтижесінде«Үздік ойыншы» Олжас Орынбеков, «Үздік қақпашы» Жомарт Садықов, «Үздік қорғаушы» атанған Азамат Бекжанов бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жабылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Әліби Әбиев құттықтау сөз сөйлеп, қоғам қайраткері, КСРО және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері Әлмәмбет Әлішевтің атқарған жұмысын тілге тиек етті. Сондай-ақбірқатар турнир қонақтары мен Әлмәмбет Әлішевтің ұл-қыздары сөз сөйлеп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ­­марапаттады.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
21 қазан 2020 ж. 515 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031