Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Футзалдан аудан біріншілігі басталды

Футзалдан аудан біріншілігі басталды

Өткен аптада Қазалыда футзалдан бесінші аудан біріншілігі басталып, бірінші тур ойыны өтті.

Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

– Қазалы футболының жетістіктері де жыл санап артып, қарқынды дамып келеді. Ауданымыздың аяқдоп шеберлері облыстық, республикалық, тіпті халықаралық дең­гей­де өнер көрсетіп, абырой биігінен көрінуде. Аудан жігіттерінен құралған «Жігер» футбол командасы жыл сайын облыс чемпионатында, ауыл спортшыларының «Алтын күз» ойындарында жеңімпаз атанып келсе, бұрымдылар да жаман нәтиже көрсетіп жүрген жоқ. Қазіргі таңда қазалылық Құндыз Қожахмет футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ел намысын әлемдік аренада қорғап жүр.

Ауданда футболға деген қызығу­шылық жоғары деңгейде. Оны аудан біріншілігіне қатысушы командалардың санынан-ақ байқауға болады, – деді ол.

Айта кетейік, футзалдан бесінші аудан біріншілігіне «Арзан», «Көркем Сервис», «Орда», «Басықара», «Құмжиек», «Авангард», «Қайсар», «Сыр маржаны», «Жанқожа», «Намыс», «Қыран» және «Ақтілек» командалары қатысуда.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
19 желтоқсан 2019 ж. 868 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 148

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930