Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Федерация кубогы сарапқа салынды

Федерация кубогы сарапқа салынды

Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде гандболдан ҚР федерация кубогы сарапқа салынды. Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылған дүбірлі додаға Қызылорда қаласы мен аудандардан 9 команда қатысты.
Елді мекендерде гандболды дамыту, жастарды спортқа тарту, қызығушылығын ояту, саламатты өмір салтын насихаттау, достық қарым-қатынасты нығайту жəне тəжірибе алмасуды көздеген турнир өз мақсатына жетті.
Турнир қорытындысы бойынша Қызылорда қаласының гандболшылары жеңімпаз атанса, Жаңақорған ауданының спортшылары екінші орынға табан тіреді. Ал, Қазалы ауданының намысын қорғаған №17 Қазалы аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің командасы жүлделі үшінші орынға қол жеткізді. Гандболшы қыздардың қола медаль алуына команда жаттықтырушысы Жеңісбек Құрманәлінің еңбегі ерекше екенін айта кеткен орынды.
Ж.СОВЕТҰЛЫ
10 сәуір 2018 ж. 1 432 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031