Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданбақ

Қазақстанда 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданбақ

Бүгін «ашық диалог» форматында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстанның жетекші сарапшыларымен бірге 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жобасын талқылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Стратегиялық жоспардың негізгі мақсаттары мен міндеттерін баяндады.
Оның айтуынша, бұл құжат негізгі тапсырмаларға қол жеткізілген, қолданыстағы 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының орнын баспақ.
«2025 стратегиялық жоспары - Мемлекет басшысы ұсынған Стратегия-2050 мен Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақұсатында әзірленген», - деп атап өтті Т.Сүлейменов.
Жаңа жоспардың негізгі мақсаты – 2025 жылға дейін экономиканы тұрақты дамыта отырып, адамдардың тұрмыс деңгейін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ОЭСР) мүше елдердің деңгейіне жеткізу.
2025 Стратегиялық жоспарының негізі – 2050 Стратегиясындағы жеті жүйелі реформа мен жеті басым саясаттың үйлесім табуы. 7х7 Жоспарының формуласы – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілікке ие болуы үшін тұрақтылық пен дамудың балансын қамтамасыз ету.
Үкіметтің жеті саясаты реформаларды жүргізу барысында әлеуметтік тұрақтылықты мықты ұстап тұруды қамтамасыз етуге бағытталған. Басым саясаттар реформаның жүйелі үдеуін толықтырып, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қолдауға ықпал етеді.
Жеті жүйелі реформа:
  • Жаңа адами капитал.
  • Технологиялық жаңарту және цифрландыру.
  • Бәсекелестік және бәсекеге қабілетті бизнес.
  • Құқықтық мемлекет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.
  • Қуатты аймақтар және урбанизация.
  • Қоғамдық сананы жаңғырту.
  • Мемлекеттік сектор өзгерістердің лидері ретінде.
Сарапшылар әр реформаны жан-жақты талқылады. Пікірталасқа «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзаxметов, «Назарбаев Книверситеті» АҚҚ вице-президенті Қанат Байғарин, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусин, «Oil Gas Project» ЖШС директоры Жарас Ахметов, Зерттеу және консалтинг орталығының серіктесі Әнуар Боранбаев, «Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы» ҚҚ директоры Меруерт Махмұтова, «Ракурс» экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосов, Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Күлекеев және Стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі Олжас Құдайбергенов қатысты.
27 қараша 2017 ж. 1 847 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930