Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты.
Енді қажетті статистикалық деректерді алуға, өңірлер көрсеткіштерін салыстыруға және олардың динамикасын жасанды интеллект көмегімен талдауға болады.
AI TALDAU-дың басты ерекшелігі – статистикалық ақпаратты диалог форматында алу мүмкіндігі. Пайдаланушыларға қажетті көрсеткіштерді көптеген кестелер мен бөлімдерден өз бетінше іздеудің қажеті жоқ. Қажетті деректерді алу үшін сұрақ қою жеткілікті.
Мысалы, «Павлодар облысында соңғы бес жылда орташа жалақы қалай өзгерді?» немесе «Қазақстан өңірлері бойынша халық санын салыстыр» деген сұрақтар қоюға болады. AI TALDAU тиісті көрсеткіштерді тауып, деректерді салыстырады, олардың динамикасын көрсетеді және негізгі үрдістерді анықтауға көмектеседі.
Сұрау нәтижелері кестелер, графиктер, диаграммалар және талдамалық материалдар түрінде ұсынылады. Қажет болған жағдайда пайдаланушы сұрағын нақтылап, толығырақ ақпарат ала алады.
Интеллектуалды көмекші қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Дайын материалдарды PDF, Word, PowerPoint және Excel форматтарында сақтауға болады.
AI TALDAU-ды іске қосумен қатар «Талдау» жүйесі де жаңартылды. Жүйенің дизайны мен навигациясы өзгертіліп, деректерді іздеу және талдау құралдары жетілдірілді.
Пайдаланушыларға өңірлер, кезеңдер және басқа да талдамалық параметрлер бойынша егжей-тегжейлі статистикалық ақпарат қолжетімді. Жүйеде кестелерді өз бетінше қалыптастыруға, графиктер мен диаграммалар құруға, көрсеткіштерді салыстыруға және нәтижелерді жеке кабинетте сақтауға болады. Сонымен қатар деректерді одан әрі өңдеу және талдамалық жүйелерде пайдалану үшін машина оқитын форматтарда жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.
«AI TALDAU көмегімен бірнеше сағат жұмсап іздейтін ақпаратты енді бірнеше секундта алуға болады. Сұрақ қою жеткілікті, жүйе жарияланған ресми деректер негізінде жауап ұсынады. Мен бұл жобаны ұлттық статистиканы дамытудың перспективалы бағыттарының бірі деп санаймын. Біз ресми статистиканың әрбір адамға қолжетімді әрі түсінікті болуына, ал технологиялардың уақытты үнемдеуге және сапалы ақпарат негізінде шешім қабылдауға көмектесуіне ұмтылуымыз керек», – деп атап өтті Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев.
Жаңартылған «Талдау» жүйесі мен AI TALDAU интеллектуалды көмекшісі азаматтарға, кәсіпкерлерге, журналистерге, зерттеушілерге, талдаушыларға және мемлекеттік органдарға арналған.
10 қараша 2026 ж. 116 0

Кент көшелері жаңаруда

10 қараша 2026 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30