Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім ошағы табиғи газға қосылды

Білім ошағы табиғи газға қосылды

Елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың тұрмыс деңгейін жақсартуда инженерлік инфрақұрылымды дамытудың маңызы зор. Соның ішінде табиғи газға қосылу – халыққа қолайлылық пен жайлылық сыйлайтыны сөзсіз. Әсіресе білім ордасының жылы болуы оқушылардың алаңсыз тәрбие алып, білім нәрімен сусындауына оң әсерін тигізеді. Осы орайда Қазалы ауданында елді мекендерді газдандырумен қатар, «көгілдір отынға» қосылған ауылдардағы әлеуметтік нысандардың бу қазандықтарын табиғи газға бейімдеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді.
Өткен жылы Қазалы қаласы, Ғани Мұратбаев, Абай, Басықара, Қ.Пірімов және Жалаңтөс батыр ауылдарындағы 14 білім беру нысаны мен 1 ауылдық мәдениет үйінің бу қазандықтарын газға бейімдеу үшін аудандық бюджеттен 54,1 миллион теңге бөлініп, тиісті жобалық құжаттамалары әзірленген болатын.
Биыл жыл басынан бері Қазалы қаласы, Ақтан батыр және Ү.Түктібаев ауылдық клубтарын табиғи газға бейімдеуге аудандық бюджеттен 43,4 миллион теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, Ақтан батыр және Абай ауылдарындағы амбулаториялардың бу қазандықтарын газ отынына ауыстыруға 18 миллион теңге қаржы қарастырылып, жоспарланған жұмыс жүзеге асқан болатын. Күні кеше Басықара ауылындағы №182 мектеп те табиғи газға қосылды.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Басықара ауылына арнайы барып, білім ордасының газға қосылу барысымен танысты. Нысанды аралау барысында аудан әкімі жауапты сала басшыларына газ жүйесінің қауіпсіз әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жылыту маусымы кезінде қандай да бір ақаулар мен кемшіліктерге жол бермеу, қазандықтардың техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Басықара ауылындағы №182 мектеп ғимараты 2010 жылы пайдалануға берілген. Білім ошағында 199 оқушы білім алуда.
Айта кететін жайт бұдан бөлек аудандағы білім беру саласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды табиғи газға бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Қ.Пірімов ауылындағы Қ.Күлетов атындағы №92 мектеп, Жалаңтөс батыр ауылындағы №103 мектеп пен «Сәуле» балабақшасының бу қазандықтарын табиғи газға ауыстыру бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, жұмыс жүргізілуде.
Кезегімен елді мекендерді табиғи газға қосу жұмыстары тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып қана қоймай, білім беру және әлеуметтік нысандардың жұмысын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауданның инфрақұрылымын дамытуға, ауыл-аймақтың ажарын ашуға және халықтың жайлы өмір сүруіне оң ықпал ететіні сөзсіз.

Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ
10 қараша 2026 ж. 110 0

Кент көшелері жаңаруда

10 қараша 2026 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30