Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының Сырдария ауданында жүгері кептіру және сақтау кешені іске қосылды

Қызылорда облысының Сырдария ауданында жүгері кептіру және сақтау кешені іске қосылды

Бүгін Сырдария ауданында жүгері кептіру және сақтау кешені ресми түрде іске қосылды.
Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыс прокурорының міндетін атқарушы – инвестициялық омбудсмен Нұрболат Дүйсенбаев, «Қызылорда крахмал-сірне зауыты» серіктестігінің құрылтайшысы Закиржан Кузиев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында су ресурстарының тапшылығын жою үшін жүйелі әрі батыл шаралар қабылдауды тапсырғаны белгілі.
«Ең алдымен, суды тиімді және үнемдеп пайдалану қағидаттарының жаппай сақталуын қамтамасыз ету керек. Қазіргі заманда бұл ресурстың мән-маңызы айрықша.
Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісін дамытуға баса мән берген жөн. Қазірдің өзінде бұл бағытта табысты жобалар бар. Мәселен, Қызылорда облысының шаруалары қатаң климатқа қарамастан жүгері мен соя өсіріп, оны өңдеумен айналысады», – деп өңірдегі бастамаларға оң баға берді.

Рәсімде аймақ басшысы аудан тұрғындарын құттықтап, жаңа кешеннің жұмысына сәттілік тіледі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы
өз Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және терең өңдeу мәселесін стратегиялық маңызы бар міндет ретінде айқындады.
Бүгін «Қызылорда крахмал-сірне зауытының» бірінші кезеңі аясында жүгері кептіру және сақтау кешені
іске қосылуда. Бұл жоба – егін шаруашылығын әртараптандыруға, жүгері егісі көлемін арттыруға бағытталған бірегей бастама.
Өздеріңізге белгілі, өңірдің экономикалық, экологиялық жағдайы Сырдария өзенінің деңгейіне тікелей байланысты. Осы ретте, егісті әртараптандырып, су ресурстарын тиімді пайдалану – бүгінгі күннің басты талабы.
Президентіміздің суды көп қажет ететін дақылдар көлемін оңтайландыру тапсырмасына сәйкес, биыл 70 мың гектарға күріш егілді. Жалпы соңғы үш жылда күріш егісі 19 мың гектарға қысқарды.
Алда тұрған басты міндеттердің бірі – қалыптасқан егіншілік жүйесін заман талабына сай бейімдеуді жалғастыру.
Баршаңызды жаңа кешеннің ашылуымен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Рәсімде Нұрболат Дүйсенбаев, Закиржан Кузиев, ел ағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев сөз сөйлеп, жобаны жүзеге асырған азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, өңірде суды аз қажет ететін, өнімділігі жоғары жүгері дақылын егу қарқын алған. Биыл 11 мың гектарға егіліп, 60 мың тоннадан астам өнім жиналды.
«Таң ЛТД» серіктестігі су үнемдеу технологиясымен, «Ақтөбе және К» шаруашылығы дәстүрлі суару арқылы жүгері егуде. Жалағаш ауданында швейцариялық «Harvest Argo» компаниясының 21 мың гектарға жүгері және соя егу жобасы басталды. Жүгері алқаптарын ұлғайту мақсатында арнайы Жол картасы бекітіліп, келесі жылы 28 мың гектарға егу жоспарланып отыр.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
10 қараша 2026 ж. 138 0

Кент көшелері жаңаруда

10 қараша 2026 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30