Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау

Кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау

«Ауыл аманаты» ауылдық аймақтардағы халықтың әл-ауқатын арттыруға, жұмыс­сыздықты жоюға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған ауқымды мемлекеттік бағдарлама. Басты мақсаты – ауыл тұрғындарының кәсібін ашуына немесе бар шаруашылығын кеңейтуіне қолжетімді жағдай жасау мен әрбір отбасының тұрақты табыс көзіне қол жеткізуін қамтамасыз ету. Бағдарлама аясында ауыл тұрғындарына, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және кәсіпкерлік бастама көтерген азаматтарға тиімді шарттармен несиелер беріледі.
Қазалылық мамандардың мәлімдеуінше, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023-2025 жылдары аудан бойынша 1 миллиард 836 миллион теңгеге 254 жоба қаржыландырылып, 270 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал 2026 жылы жобаны іске асыруға 88 жоба бойынша 850 миллион теңге қаржыландыру жоспарлануда. Нәтижесінде 103 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
– Несие қаражаты ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен әдетте ұзақ мерзімге және жеңілдікті кезеңмен ұсынылады. Өз кезегінде ауылдағы ағайынның несиені уақытылы қайтарып, кәсібін дөңгеленуіне үлкен мүмкіндік береді. Оның артықшылығы сол, ол мал шаруашылығымен ғана шектеліп қалмайды. Ауыл тұрғындары өсімдік шаруашылығын дамытуға, жылыжай салуға, құс пен ара шаруашылығына, ауылдық жерлерде қажетті шағын өндіріс орындарын ашуға, сондай-ақ түрлі қызмет көрсету саласын қолға алуға қаражат ала алады. Мәселен, шаштараз, шеберхана, тігін цехы тағы басқалары бар, – дейді Қазалы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы Бекарыстан Әзілхан.
Бұдан бөлек тиімді жобада кооперацияны дамытуға ерекше мән беріледі. Өйткені ауыл тұрғындары өнімдерін нарыққа жеке-жеке шығарғаннан гөрі бірлесіп өткізгені әлдеқайда тиімдірек. Ауыл кооперативтеріне қажетті техникалар мен жабдықтарды лизингке алуға жеңілдіктер қарастырылған. Осылайша бастама ауылдан қалаға көшу бағытын баяулатып, ауылдық жерлерде өндірісті жандандыруға және жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын түбегейлі жақсартуға жол ашатын маңызды тетік.
Бекарыстан Әзілханның айтуынша, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ең табыс­ты кәсіптердің қатарына сұранысы тұрақты, өнімділігі жоғары және қайтарымы тез бағыттар кіреді. Бүгінде ауылдық жерлерде мал шаруашылығын, әсіресе ет және сүт бағытындағы ірі қара немесе ұсақ мал өсіруді дамытудың пайдасы зор. Себебі ет пен сүт өнімдеріне деген қажеттілік ешқашан азаймайды. Мұнымен қоса құс шаруашылығын қолға алу да қысқа мерзімде нарыққа шығуға септігі мол. Қолда бапталуға икемді бройлер немесе жұмыртқа бағытындағы тауықтарды өсіру маңыздырақ.
«Ауыл тұрғындары үшін тағы бір тиімді бағыт жылыжай шаруашылығы болмаса көкөніс өсіру, себебі көктем мен қыс мезгілдерінде жергілікті нарықты жаңа өніммен қамтамасыз етіп, табысты бірнеше есе арттырады. Сонымен қатар ауылдық жерлерде әртүрлі қызмет көрсету саласын дамыту да өте табысты бизнес­ке айналуда. Мысалы, шағын наубайхана ашу, сүт қабылдайтын және қайта өңдейтін шағын цехтар ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы техникаларына жөндеу қызметтерін көрсету тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие. Ең бастысы, қандай кәсіп түрін таңдасаңыз да, бағдарлама арқылы берілетін жеңілдетілген несие қаражатын тиімді пайдаланып, алдын ала нарықты зерттеу кәсіптің табысты болуының басты кепілі», – дейді Бекарыстан Әлібекұлы.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
10 қараша 2026 ж. 109 0

Кент көшелері жаңаруда

10 қараша 2026 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30