Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдаудың басты иедеялық мақсаты – Қазақстанда Жерұйыққа айналдыру

Жолдаудың басты иедеялық мақсаты – Қазақстанда Жерұйыққа айналдыру

Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында ел дамуына қатысты ең негізгі 10 басымдықты атап, көрсетіп берді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы – Қазақстан дамуының ең басты бағыты. Бұл ретте сапаның артуы, оның ішінде, өндіріс, білім сапасы мен ғылыми ізденіс нәтижелерін арттыру – Президент Жолдауының басты лейтмотиві болып отыр.
Тәуелсіздігіміздің ең басты идеялық мақсаты – Қазақстанды жерұйыққа айналдыру болды. Елбасы бұған дейінгі халыққа арнаған Жолдауларының бәрі өзінің тарихи ерекшеліктері бар сындарлы даму жолдарына құралды. Осының алдындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің кешегі, бүгінгі және болашақтағы даму жолдарына арналған болатын. Еліміз жаңғырудың бірінші кезеңін зор жетістіктермен қорытындылады. Мемлекет басшысы осыдан соң жаңғырудың екінші кезеңін – «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасын жариялады. Дамуымыздың көкжиегінде туындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары нақты стратегиялық қадамдарды айқындайтын тарихи құжат ретінде бағаланды.
Еуразия кеңістігіндегі өзінің тарихи орнын айшықтап, Тәуелсіздігіміздің өткен 26 жылындағы тұрақты даму жолы мемлекетіміздің болашаққа жасаған нық қадамдары болды. Еліміздің халықаралық қауымдастықтағы экономикасы дамыған 50 елдің қатарынан көрінуі – адал еңбектің, халықтың мызғымас бірлігінің үлкен жеңісіне сайды. Алдымызда одан да үлкен міндет – дамыған 30 елдің қатарынан көріну мақсаты тұр.
Қазақстан Президентінің халыққа арналған барлық Жолдаулары тың идеяларға толы. Оның бастапқы пернесінде – біздің Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан ұраны тұруымен құндылыққа айналып отыр.
Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы белгіленген міндеттерді жүзеге асыра білді. Президенттің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауы еліміздің ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытын белгілеп, оларды айналымға енгізудің жолдарын көрсетіп берді.
Қазіргі таңда әлемде қалыптасқан түрлі экономикалық дағдарыстарға қарамастан, мемлекетіміздің әлеуметтік салаға, халықтың әлеуметтік жағдайына қатысты ұстанған саясаты, сол саясат негізінде жүргізіліп жатқан әлеуметтік бағыттағы реформалары ешбір өзгеріске түскен жоқ. Бұл халықтың тұрақтылығын қамтамасыз етті. Президенттің ұстанған күшті әлеуметтік саясаты, мықты экономикалық блогы оппозициялық күштердің әлеуметтік базасын әлсіретті. Жолдау белсенді саяси диалогқа құрылды. Оның контексінде бірнеше батыл ойлар тұжырымдалды. Оппозициялық күштермен және барлық саяси партиялармен диалог алаңы құрылып, саяси реформалар қолға алынды. Президент Жолдауларында ұлт мүддесі үшін барлық күштерді үйлестіруді міндет етіп қоя білді. Соның арқасында саяси ой қақтығысында кереғарлық пікір алуандығы орын алған жоқ. Бұл – ең басты мақсат еді.
Қазақстан Президентінің бұдан бұрынғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» және «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдаулары қазақстандықтарды ортақ бірлікке жұмылдыруда идеялық маңызы зор болды.
Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауы халықты ынтымаққа, бірлікке, ортақ идея айналасына топтасуға шақырған үндеу болды. «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығы» аясындағы Жолдау халықты ғаламда болып жатқан өзгерістердің қалтарысында қалып қоймауға шақыруымен құнды болды.
Тарихта белгілі, өткен ғасырдың беделді көшбасшылары өз ұлты мен мемлекеті үшін стратегиялық міндеттерді шешуде батыл қадамдарға барды. Олардың басым көпшілігі өз елдерінің қиын да күрделі кезеңінде халқының мүддесі үшін мемлекеттерінің стратегиялық дамуына жол ашқан түрлі реформалар жасады. Мәселен, Қытай реформаторы Дэн Сяопиннің, Түрік көсемі Мұстафа Кемал Ататүріктің, Сингапур Президенті Ли Куан Юдің реформалары сол елдердің дамуына жол ашты. Осындай негізде жасалған Елбасымыздың биылғы Жолдауы – еліміздің әрбір тұрғынына арналған аса құнды құжат. Сондықтан, әр адам өзін «Мен Жолдауды жүзеге асыру үшін не істеуім қажет?» деген сұрақ төңірегінен іздеуі керек. Жолдауда осы мақсатты жүзеге асыру үшін атқарылатын жұмыстар кезең-кезеңімен толық қарастырылған.
Қазақта мүшел жас деген ұғым бар. Бүгінде еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 26 жыл¬дан асты, яғни біздің мемлекетіміз екінші мүшел жасын толтырды. Өткен кезеңде еліміз нығайып, өзінің болашағын, қандай бағытты бетке алатынын айқындап алды. Бізді алдымызда үлкен белестер, күрделі кезеңдер күтіп тұр. Осы уақыт аралығында мемлекеттің экономикалық өсімінің жаңа драйверлері – ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, құрылыс салалары алға шықты. Жаңа драйверлер экономиканың ілгерілеуі мен ел тұрғындарының жұмыспен қамтылуы үшін күшті серпін беруде. Сондай-ақ, Президент өз бастамаларында үнемі адам ресурстары мен адами капиталға айрықша көңіл бөліп келеді. Жолдауда азаматтар үшін маңызды мәселелер – білім, денсаулық сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты түйткілдер атап көрсетілген. Ал бұл – мемлекеттің халық алдында өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға дайын екендігін білдіретін маңызды көрсеткіш болып отыр.
Мемлекет басшысының технологиялық серпіліс пен жаңару кезеңіндегі білім беру сапасының бәсекеге қабілеттігін арттыруды көтеруін ұлттық идея формуласы ретінде түсінгеніміз жөн.
Жолдаудағы Президенттің жоғары білім беру жүйесі сапасына, жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық- техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талапты күшейту қажеттілігі туралы ойлары қазіргі ең өзекті, әрі көкейкесті мәселе болып отыр. Жолдауда айтылғандай, білім саласын экономикалық өсудің жаңа моделінің негізгі буынына айналдыруы дұрыс шешім болды. Білім мен ғылымға берілген, жаңашыл, жұмысына жауапты азаматтарға төртінші өнеркәсіптік революция жаңа қырынан ашылуға берілген үлкен мүмкіндік.
Президенттің жаһандық технологиялық жаңғырудың келелі де күрделі мәселесін айқындай, сараптай ұсына отырып, осындай ахуалда – индустриялық революция жағдайында да елімізде қазақ тілінің басымдығы сақталады, болашақта оның одан әрі дамуына зор көңіл бөлінеді деген түбегейлі орнықты, ашық пайымы көңілге сенімді оптимизм, мақтаныш ұялатады.
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» мемлекеттің жаңа технологиялық өзгеріске және экономиканың сапалы түрде дамуына батыл қадам басуына ықпал етеді. Бұл Қазақстанның аймақта және әлемде экономикасы мықты елге айналуына жол ашпақ.
Бүгінде электрондық саланы тиімді қолданысымызға енгізбей белгілі бір биікке жету мүмкін емес. Бұл – әлемдік технологияның озық жетістіктері. Елбасы Нұрсұлтан Назарба-ев ұсынған цифрлық технология, ЗD-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету сияқты денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да пер¬спективалы салаларды дамыту – аса күрделі талап. Бұл өзгерістердің барлығы еңбек өнімділігін арттыруға жол ашады. Технологиялық жаңғырудың шешуші басымдықтарының бірі – адами капитал сапасын жақсарту екендігіне Президент тағы да назар аударып отыр. Яғни, индустриялық революция жасау, оған ілесу, оның адамзатқа жеткізіп отырған игіліктерін игеру, оларды еліміздің өндірісіне батыл енгізу, бүгінгі күннің басты ұстанымы болуы тиіс. Мұны Мемлекет басшысы әріден байқаған.
Президент «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының денсаулық сақтаудан бастап, өндіріске дейін барлық саланы қамтитындығы туралы айта келе, осы бағыттағы жобаларды кешенді түрде жүзеге асыру керектігіне баса назар аударуы болашақ мұраттарымыздың баянды болатындығын көздегені деп қабылдағанымыз абзал.
Жолдауда Президент индустрияландыру, ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу кәсіпорындарды жаңғырту және «Ақылды технологияларды» дамыту қажеттігіне басымдық берді.
Цифрландыру – заман талабы. ХХІ ғасырда онсыз өмір сүру қиын емес. Қазіргі таңда цифрлы технологиясыз жетістікке жеткен бірде-бір кәсіпорынды елестету де мүмкін емес. Оған басымдық бермеген жағдайда әлемдік тауар өндірушілер өз өнімінің сапасы мен бағасынан ұтылып, бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Міне, осы мәселелердің бәрі Президент Жолдауында жан-жақты қамтылған.
Алғашбай БАЙКӨБЕКОВ,
Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және
инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы.
06 ақпан 2018 ж. 5 238 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 18

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930