Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы Жолдауы: Қазақстан Үшінші жаңғыруға қалай кезең-кезеңімен келді

Елбасы Жолдауы: Қазақстан Үшінші жаңғыруға қалай кезең-кезеңімен келді


ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауының басты мақсаттары қандай? Қазақстан Үшінші жаңғыруға қалай кезең-кезеңімен келді? ҚР Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары А.Рысжанов өз мақаласында осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көрген.
***
Осы жылдың басында Ел басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атауымен жолдауын жариялаған болатын.
Бұған дейін екі кезең, яғни екі жаңғыру болып өтті. Заманның қарқынды дамуына байланысты және де еліміздің осы заманға сәйкес көріктеуі үшін Елбасымыз үшінші жаңғыру бағдарламасын жариялады.
Алдымен Қазақстанның осы Үшінші жаңғыруына қалай кезең-кезеңімен келгендігіне тоқталып өтсек. Атап айтқанда, Еліміздің Бірінші жаңғыруы - 25 жыл бұрын КСРО құлдырап арман тұтқан өз тәуелсіздігімізді алып жаңа мемлекет болып жол бастадық. Сол кезде біздің аға буын өкілдеріміз еліміздің іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды.
Ал, Екінші жаңғыру 1998 жылы «Қазақстан-2030» стратегиясын қабылдап Қазақстанның бүкіл әлемде бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін негізгі бағыттары айқындалған болатын. Сондай-ақ, сол жылдары елордамыз Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілді. Бұл бағыттың елімізге оң әсерін бергендігіне бәрімізде куәміз. Яғни сол 90-шы жылдардағы ахуалмен салыстырғанда бүгінгі күнде жеткен жетістіктеріміз көзімізге айқын көрінеді.
Осы аталған кезеңдерде Қазақстан тек алға ұмтылып дамығандығына байланысты Ел басымыз заманына сай және болашаққа бағдарлайтын Үшінші жаңғыруға жолдауын жолдады. Бұл бағдарламаның басты мақсаты Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті ең дамыған 30 ел қатарына кіру үшін 5 басымдықты айқындау болып табылады.
Бірінші экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.
Екінші бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту.
Үшінші макроэкономикалық тұрақтылық.
Төртінші адами капитал сапасын жақсарту.
Бесінші институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.
Бұл дегеніміз, дүние жүзінде әрбір елде ойланып табылып жатқан заманауи технологиялардың мүмкіндігін пайдалана отырып елімізідің экономикасын дамыту деп пайымдаймын. Бүгінгі таңда электрондық технологиялардың жетістігі күннен күнге өсіп келе жатыр. Осы жылдам өсіп жатқан технологияларды одан әрі дамыта отырып еліміздің экономикалық әлеуетін одан әрі дамыту болып табылады. Осы бағыттың шеңберінде Ел басшысының тапсырмасымен «Цифралық Қазақстан» атты мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде. Бұл бағдарлама шеңберінде, ҚР Президенті,«3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек»,-деп атап өтті.
Цифрлық және инновациялық технологияларды іс жүзінде асырып өндіріске қосу үшін септігін тигізетін «ЭКСПО-2017» кешенінде стартаптар орталығын ашу тапсырылды. Сондай-ақ, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін пайдалану қажеттігі аталып өткен. Яғни, елімізде пайдаланып жатқан кейбір процестерді автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллекті қолдану, «ауқымды мәліметтер» алмасуды қолдану. Мұндай сенімді қадамдар мемлекеттік қызметке және қоғамның еңбек саласында өте үлкен қарқынын береді деп пайымдаймын.
Бұдан басқа, осы жолдауда агроөнеркәсіпті дамыту, сәйкесінше өндірілген өнімнің көлемін арттырып оларды экспорттауға және транспорттық логистиканы дамытуға ат салысу қажеттігі аталып өтті. Бұл ретте, Қазақстанда өндірісті арттыру мақсатында шетелдік инвестицияларды тарту бойынша одан әрі тиісті іс-шараларды жүзеге асыру қажет. Мұндай іс-шараларды жүзеге асыру үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының алатын орны үлкен екендігі белгіленді.
Тағы да, атап өтетін негізгі бір мақсат - бизнеске арналған ортаны түбегейлі жақсарту. Бүгінгі таңда, шағын және орта бизнестің Қазақстанның экономикасындағы үлесі шамамен 25%-ды құрайды. Осы үлесті 2050 жылға дейін 50%-ға дейін қамтамасыз ету тапсырылған. Бұл дегеніміз, еліміздің экономикасына шағын және орта бизнестің маңыздылығы зор екендігін айқындайды. Осы мақсатқа жету үшін оларға несиенің қолжетімділігін қамтамасыз ету, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің үрдісін жеңілдету, бизнес жүргізу бойынша сауаттылығын арттыру үшін тегін оқу бағдарламларымен қамтамасыз ету айқындалған.
Әрине, аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін адамның қабілетін арттыру қажет. Яғни, бәсекеге қабілетті адами капиталдың сапасын жақсарту бойынша ҚР Президентімен негізгі мақсаты белгіленді. Бұл салада, белгілі бір нәтижеге тез жету мақсатында ағылшын тілін үйрену арнайы аталып өткен. Себебі, дүниежүзінде ақпараттың 90%-ы ағылшын тілінде жазылып алмасады. Сәйкесінше, инновациялық жаңалықтар осы тілде болады.
Өз кезегінде, информациялық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты, оның жақсы да қауіпті жақтары бар. Осыған орай, Ел басшысы тиісті мемлекеттік органдарға Киберқылмыспен күресу үшін бағдарлама әзірлеу тапсырды.
Қортындылай келе, Үшінші жаңғыру Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру үшін адам капиталын жаңғырту, Цифрлық Қазақстанды қалыптастыру, экономиканы жақсарту үшін бәсекеге қабілетті еңбек ресурсын қалыптастыру, шағын және орта бизнесті дамыту, экспортты арттыру үшін логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру және де заманына сай келе жатқан қауіптерді алдын алу болып табылады.
http://www.http.inform.kz
11 желтоқсан 2017 ж. 3 674 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031