Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалімдер мәртебесіне мән берілген

Мұғалімдер мәртебесіне мән берілген

Елбасының әр жылғы Жолдауының өзіндік көтерер жүгі бар... Қайсысын алып қарасаңыз да стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты бір міндеттер мен өзекті мәселелердің шешілуіне бағытталады.
Мемлекет Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында он басым бағыт бойынша атқарылатын жоспарлар белгіленген. Сол негізгі тапсырмалар Қазақстанның бұдан әрі дамуына қарқын беріп, қарымды істерге бастайды.
Маңызды құжаттың басты мақсаты – цифрлық дәуір, технологиялардың дамуына бетбұрып, жалпы төртінші өнеркәсіптік революцияның биік талаптары деңгейінен көрінуге бағытталған.
Президент Жолдауда «Барлық жастағы азамаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс» - дейді.
Мұғалімдер мәртебесін көтеру туралы Елбасының айтқан парасатты сөзі бәріміздің көңілімізден шығып, үлкен қуанышқа бөледі. Себебі ұстаз мәртебесін көтеру- елдің мәртебесін көтеру деп білемін. Елбасы барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажеттігін атап өтті. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру ерекше назарға алынды. Ұстаздар қауымы жаңа Жолдаумен жігерленіп, берудің соны сапасына көшуге және кәсіби даму тұрғысынан жоғарғы белеске шығатынымызға сенімдімін.
Ғалия ЕРІШ,
№96 мектептің мұғалімі.
Бозкөл ауылы.
18 қаңтар 2018 ж. 1 257 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930