Тұрмысқа шығатын қызға анасының айтқан насихаты
Өмірін мұсылмандықпен өткізген бір ана тұрмысқа шыққалы отырған қызына ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөздеріне сүйене отырып мынадай насихат жасады:
- Қарағым, қызым! Сен енді туып өскен үйіңнен кетіп, қыр-сыры бейтаныс, бөтен бір үйге келін болып барасың. Мінез-құлқы да өзіңе беймәлім бір адаммен бас қосып, ғұмыр кешесің;
- Сен ол кісіге жердей бол, ол саған төбеңдегі көктей болады!
- Сен оған үй бол, ол үйдің тірегі болады!
- Сен оған күң бол, ол саған құл болады;
- Сен оны шаршатпа, сонда оның саған деген сезімі азаймайды;
- Сен одан алыстап ұзама, ол сені ұмытпасын;
- Сен әрдайым оның көзін, мұрнын және құлағын сақтаушы бол, ол сенен басқаға көз салмасын, өзгенін жұпарын иіскемесін, сенен ылғи жақсы сөздер ғана есітсін;
- Үйде отырып, үй шаруасымен, қол өнерімен айналыс;
- Ішіп-жеуге ол не әкелсе, соған қанағат қыл. Анау жоқ, мынау жоқ деп еш уақытта шағым жасама;
- Отбасындағы өз ақыңды алудан бұрын, күйеуіңнің ақысын беруге тырыс;
- Еріңнің туыстарын сыйлап, қадірле;
- Тазалық пен пәктікке аса көп мән бер!
- Көшеге шықсаң, етек-жеңі кеңдеу, жалаңаш денеңді жауып тұратын киім ки! Сенің тәнің күйеуіңе ғана арналған аманат екенін ұмытпа!
- Көршілеріңмен тату бол, олардан зиян келсе сабыр ет, шыда! Біреудің сөзін біреуге тасып өсекші болма!
- Әсіресе, құлшылықтарыңа мұқият бол. Уақыты кірген намазды дереу оқуға асық;
- Шырағым, қызым! Мен енді қырық жылдық тәжірибеме сүйеніп, бірқатар сөз айтамын. Соларды жадыңа тоқы, сонда бұл дүниеде де, мәңгілік өмірде де бақытты боласың;
- Қанағатшыл бол! Қанағат қарын тойғызып қана қоймайды, жүрекке де тыныштық әкеледі;
- Саған айтылған сөздерді жақсылып тыңдап жүр, күйеуіңнің шариғатқа теріс келмейтін барлық тілектерін орында!
- Үйіңдегі әр нәрсе мұмтаздай таза және орын-орнында жиюлы тұрсын;
- Күйеуіңнің ас ішетін және ұйықтайтын уақытына абай бол! Аштықпен жаман мінез көрсетіп, ұйқысыздықпен ашулануы мүмкін;
- Үйіңдегі бұйымдар мен мал-мүліктің қорғаушысы бол. Жасаған жақсылығыңды еш уақытта міндет қылма. Жақсылыққа жақсылық тез ұмытылады, ал жамандыққа жақсылық оңайлықен ұмыт болмайды;
- Күйеуіңнің қателіктерін байқасаң, ешкім жоқ оңаша жерде ғана жұмсақ тілмен ескерт;
- Жарыңның сырларын тірі жанға жаюшы болма! Ерлі-зайптының сырлары қабірге бірге көмілуі керек;
- Жарың қуанса сен де бірге қуан, қайғырса сен де бірге мұңай! Оған өмірдің әр сәтінде жақсы бір дос бол!
- Өтірік сөзден аулақ бол! Өйткені өтірік отбасын іштен бүлдіретін жегі құрттан да жаман;
- Араларыңда түйткіл шықса, екеуің бірге отырып өздерің шешіңдер! Ондай сөздердің әкең екеумізге немесе басқа адамға айтып бармаңдар!
- Күйеуіңнен шамасы келмейтін нәрсені ешқашан сұрама!
- Көркем мінезді жақсы әйел күйеуіне жұмақ нығметі екенін ұмытпа! Сен де жарыңа жәннат нығметі бол, оған азап шектірме!
- Бұл айтылғандарды өзіңнен бұрын күйеуіңді ойлағанда ғана жүзеге асатынын біл! Менің айтқаным ғана бола берсін деген мінезбен бұларды ешқашан орындай алмайсың;
- Егер бес уақыт намазыңды оқымасаң, кесір-кесапат ретінде осының өзі саған да, күйеуіңе де, бала-шағаңа да жеткілікті болады;
- Ғұсылың мен дәретіңе ешқашан жеңіл қарама!
- Бұл айтылғанның пайдасын көрулерің үшін ең алдымен иман мен ниет-ықыластарың таза дұрыс болуға тиіс. Не сөйлеп, не жасассаңдар да ең алдымен Алланың разылығын іздеңдер! Сонда ғана екі дүние шаттығына сөзсіз кенелетін боласыңдар!