
Көк мұзға тайып, болмаңыз майып
Жапалақтап жауған қарға сүйсініп көшеге шыққан бетіміз. Қыстың алғашқы айындағы аппақ қарға мәз-мейрам жұрттың қарасы да қалың. Көшенің бір бұрышында балалар мен жасөспірімдер аққала жасап әлек. Бір-біріне жаңа түскен қарды дөңгелектеп алып, лақтырғандары да жетерлік. Ортаңғы көшені қиып өтетін, үлкен күре...
















