Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көкейкесті мәселе көтерілген

Көкейкесті мәселе көтерілген

Кент ішіндегі барлық бағытқа белгіленген кесте арқылы қатынайтын «Газель» автокөлігінің тұрғындар үшін тиімділігіне ешкім де дау айта алмайды. Нағыз нарық сұранысына лайықталған, жолақысы да қолжетімді қоғамдық көліктің қызметіне үлкен де, кіші де, жұмысқа асыққандар да тұрмыс тірлігімен көшеге шыққан барша тұрғындар да разы.Әрине, бұл өте жақсы. Алайда, қай нәрсенің де екі жағы болады емес пе?
Жақында тілге тиек етіліп отырған «Газель» көлігінің алдыңғы жағына, жүргізушімен қатар отырып қалдым. Сонда өткен жылғы қараша айының соңында Маңғыстау облысында болған бүкіл елге белгілі сұмдық жол апатын еске алдық.
Он бес орындық «Газельге» отыз алты адамды тиеп алып пойызға соққан, саутамтығы қалмаған көлікті телеарна арқылы көргенде жанымыз түршікті. Тоғыз адам қаза болып, жиырма жеті адам ауыр және жеңіл жарақат алды. Ес-түссіз комада жатқан кейбірінің тағдыры белгісіз. Жаңалықтардан теміржол өткеліндегі шлагбаумның ашық тұрғаны, кезекшінің ішімдік ішкені де айтылды. Бұған қоса, осынша жанның қазасына себепші болып, өзі де опат болған көлік жүргізушісінің жақын қалған пойызды көре тұра алдын кесіп өтпек болғаны мәлімделді.
Мен әңгімелескен жүргізуші сол апатқа себепші шлагбаумның ашық тұрғандығы екенін, егер жабық тұрғанда ондай оқиғаның орын алмауы мүмкін екенін айтты. Мүмкін, оның уәжі де дұрыс шығар. Әйтсе де, шлагбаум ашық екен деп қанша жанның тағдырын тәрк етіп, ешкімге алдын кестірмейтін түз тағысы киік сияқты пойыздың алдын орап өтуін қалай ақылға сыйғызуға болады. Алла абырой берсін, кеткен адам кетті ғой. Дәм-тұзы таусылған шығар, ажалы шығар деп пенде болғасын сан-саққа жүгірте береміз. Сонда да сақтансаң – сақтайды емес пе? Мұның бәрі алдағы кезеңде біздегі қоғамдық көлік иелеріне де сабақ болғаны артық болмас.
Өйткені көлікке жолаушыларды аузы-мұрнынан шыққанша тиеу, әсіресе теміржол вокзалы тұсындағы айналма бағытта жолдары түйісіп қалатын олардың күтіп тұрған жолаушыларды қамтып қалу мақсатында бірін-бірі басып озуы әдетке айналып барады.
Бұл орайда аудандық «Қазалы» газетінің меншікті тілшісі Есет Табынбаевтың «Қоғамдық көлік қызметі көңілден шығады ма?» атты мақаласында көкейкесті мәселе дер кезінде көтерілген. Кешқұрым жолаушылар тасымалдаушы көлік санының күрт азайып кететіні, кейде түскі үзілісте де сарғая күттіріп, демалыс күндері де көлік қатынасының қызметі үнемі кестеге сай келе бермейтіні көңілге кірбің ұялататыны өтірік емес. Әрине жалпы алғанда қоғамдық көлік қатынасы кент тұрғындары үшін өте тиімді. Бірақ ең бірінші кезекте тендер шартына сай кесте ережесіндегі уақыт аралығы қатаң сақталып, қауіпсіздік мәселесіне назар аударылса. Тұрғындарға қызмет көрсету мәдениеті әлі де жетілдіріле түссе нұр үстіне нұр болар еді.
Әлімжан ӘЛКЕБАЙҰЛЫ,
Әйтеке би кенті.
06 қаңтар 2018 ж. 1 522 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930