Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Террористік тұрғыдан осал қорғалған 10 нысанның басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Террористік тұрғыдан осал қорғалған 10 нысанның басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қызылордалық полицейлер адамдар көп шоғырланатын орындарды тексеріп, терроризмге қарсы қорғалуы заң талаптарына сай емес нысандарды анықтауда.
2017 көлемінде жүргізілген тексеру жұмыстары нәтижесінде террористік тұрғыдан осал 10 нысанның басшысы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 1 қоғамдық тамақтану орны, 1 спорт нысаны, 1 өндіріс нысаны, 2 су шаруашылығы мекемесі, 2 сауда орны, 3 мекеме басшылығына сот орындарының шешіміне сәйкес 8 миллионға жуық айыппұл салынды.
Тексеру нәтижелері көрсеткендей, террористік тұрғыдан осал объектілерде инженерлік-техникалық қадағалау, бейнебақылау жүйесі мен дабыл қондырғылары, сондай-ақ, мамандандырылған күзет қызметі болмаған.
Айта кетерлік жайт, Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Қазақстан Республикасының 23.04.2014 жылғы «Ішкі істер органдары туралы» Заңына және 13.07.1999 жылғы «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес облыс аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерді тұрақты түрде тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
06 қаңтар 2018 ж. 1 866 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 33

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 27

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 40

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 41

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 42

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031