Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанкентім – жақұт мекенім

Жанкентім – жақұт мекенім

Жақында Жанкент ауылдық клубында №104 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, ұлағатты ұстаз, ақын, өлке тарихын зерттеуші Ғалия Орынбасардың “Жанкентім – жақұт мекенім, өзіңді жырлап өтемін!” атты шығармашылық кеші өтті.

Кездесуге шақырылған қонақтар алдымен ақын шығармашылығына арналған кітап көрмесімен танысты. Мұнда оқырмандар Ғалия Аманқызының “Қазалы – жүрегімнің астанасы” атты жыр жинағын, “Қазалылық алашордашылар” атты зерттеушілік еңбегін, “Жалындап өткен өмір” және жуырда ғана бас­падан жарыққа шыққан “Жанкенттің жетпіс әулиесі” атты кітаптарын тамашалады.
Шығармашылық кеш шымылдырығы “Бегім ана берген бақ” атты сахналық қойы­лыммен ашылып, ақын өміріне шолу жасалған бейнеролик жұртшылық назарына ұсынылды.

Ғалия Орынбасар Алға ауылдық кеңесіне қарасты қазіргі Ү.Түктібаев ауылында дүниеге келген. Ол Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының филология фа­куль­тетінде оқыған. Бүгінде №104 орта мектепте оқушыларды білім нәрімен сусындатуда. Мұғалімдік қызмет атқарған 35 жыл ішінде шәкірт тәрбиелеумен қатар, 10 кітап жазып, қаламгерлігімен де танылды. Шәкірттерінің бірқатары республикаға белгілі ақын жыршылар мен ауданның бетке ұстар азаматтары қатарында.

Рухани азыққа толы шарада Өркендеу ауыл­дық округінің әкімі Үргенішбай Нәби мен аудандық мәслихат аппаратының ұйым­дастыру бөлімінің бас маманы Еркін Орынбаев сөз сөйлеп, “Жанкенттің жет­піс әулиесі” кітабының тұсаукесерімен құт­тықтады. Алдағы уақытта да халыққа пайдалы дүниелердің жаза беретініне сенім артып, шығармашылық өрлеу тіледі. Сонымен қатар алғашқы шәкіртінің бірі аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Әбілқасым Роман жүрекжарды лебізін білдірді. Ұстазын ұлықтауға асыға жеткен оқушылары Ақық Қанибек, Берекет Әбілаев, Марат Сүгірбаев ыстық ықыласын әнмен жеткізсе, онлайн арқылы Бегарыс Нұриманов, Нұрзат Қару сәлемдеме жолдады. Сондай-ақ жиында аудандық білім бөлімінің әдіскері Эльмира Ержанова бастаған бір топ тіл мамандары мен үзеңгілес әріптестері ақжарқын тілектерін ақтарыла жеткізіп, сый-сияпаттарын тарту етті.

Шара барысында құйқылжыта ән шыр­қалып, жауһар жырдан шашу шашылды. Осылайша жүректерге өнер нәрін еккен керемет кеште көрермендердің көңілі бір серпіліп қалды.
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
07 маусым 2019 ж. 2 499 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 38

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 34

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930