Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Туған жерге тағзым

Туған жерге тағзым


Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қазалы қалалық мәдениет үйінде аудандық білім бөлімі кəсіподағы ұйымы мен №16 мектеп-лицейдің ұйымдастыруымен ұстаздардың шығармашылық кеші өткен болатын.
"Елге тағзым" акциясы шеңберіндегі мәдени шарада №16 мектеп-лицей ұстаздары Ғалия Нұрсейітова, Толғанай Жетеулиева мен Берік Әбиев әннен шашу шашып, көрерменге рухани кеш сыйлады.
Шарада өнер көрсеткен өнерпаздардың бірі Ғалия Нұрсейітова Қазалы қаласындағы М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің әлеуметтік педагогы. Ақтан батыр ауылында дүниеге келген Ғалия бала күнінен білімге құштар болып өсті. Оған әркез сенім артатын әкесі Орақ пен анасы Гүлмаржанның үкілеген үміті бүгінде ақталды. Ауылындағы №190 орта мектепті үздік бітірген Ғалия Абай атындағы Мемлекеттік университетке оқуға түсіп, «Бастауыш сыныптың мұғалімі» мамандығын игерді. Әкесінен турашылдық пен адалдықты үйренсе, білікті ұстаз болып қызмет атқарған анасына қарап, осы мамандықты жаны қалады.
Еңбек жолын Қазалы қаласындағы М.Горький атындағы №16 орыс-қазақ мектебінде бастауыш сыныптарға музыка пәні мұғалімі болып бастаған жас маман «ұстаз» атты ұлы ұғымға лайық болуға тырысты. «Ізденген жетер мұратқа». Қашанда ерінбей еңбектеніп, жалықпай білім жинайтын Ғалия тез арада әріптестерінің құрметіне бөленді.
Білім шыңына тек біліктілер көтерілетіні – өмірдің өзі туындатқан қағида. Осы мақсатты ұстанған Нұрсейітова тағы бір жоғары оқу орны «Болашақ» университетін тәмамдады. Еңбек жолындағы лауазымы да биіктей бастады. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог қызметтерін атқарды.
Бірнеше шығармашылық, педагогикалық бағыттағы іс-тәжірибелері баспасөздерде жарияланды. Шәкірттері қалалық, аудандық, облыстық байқаулар мен пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары. Тәжірибелі ұстаздың алдынан талай шәкірттер білім алып, өмірге қанат қақты. Үнемі ізденіс үстінде жүретін ұстаз өзінің кәсіби шеберлігін шыңдап, шәкірттеріне бүгінгі өмір талабына сай сапалы білім беру жолында шығармашылық ой-өрісін дамытуға үлес қосып жүр.
Облыстық білім басқармасының, «Бейбітшілік әлемі» таланттар академиясының, аудан әкімдігі, білім бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің алғыс хаттары, Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының дипломымен марапатталды. Аудан көлемінде ұйымдастырылып жүрген қоғамдық шараларға белсене қатысады.
Қызметіне жауапты, әріптестері арасында сыйлы Ғалия отбасының да ұйытқысы. Ол өмірлік жолдасы Зұлқарнай екеуі Перизат, Жас Қанат, Әлинұр, Айару атты төрт перзент тәрбиелеп отырған бақытты әке-ана.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.
21 желтоқсан 2017 ж. 3 104 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930