Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бір үзік сыр

Бір үзік сыр

Қасиетті Қазалы мекені талай өнер адамдарын түлеткен шығармашылық ордасы саналады. Солардың қатарында ұстаз-ақын Ғалия Мейірманованың жыр жазбаларын ерекше атауға болады. Ол 1951 жылы қараша айында Қазалы қаласында дүниеге келді. Қызылордадағы М.Мәметова атындағы педагогикалық училищесін бітіріп, Қазалы стансасындағы №17 мектеп пен Байқоңыр қаласындағы №8 мектепте қызмет етті. Оның өлеңдері «Байқоңыр жырлайды» ұжымдық жинаққа және «Әділдік пен адамдықты ту еткен» милиция полковнигі Алтыбай Сағымбаев жайлы естелік кітапқа енгізілді.
Сондай-ақ, «Егемен Қазақстан», «Атамекен Қазалы» газетінің «Шабыт» атты әдебиет пен өнер бетінде, «Көз», «Ұлағат ұясы» республикалық ақпараттық-танымдық басылымдарда жарияланды. Социалистік жарыстың жеңімпазы. «Байқоңыр» кешенінің дамуына қосқан үлесі үшін «Еңбек», «Абырой», «Құрмет» төсбелгісімен марапатталған.
2017 жылы «Бір үзік сыр» атты жеті бөлімнен тұратын жыр жинағы жарық көрді. Осыған орай Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында аудандық орталық кітапхана мен Б.Мергенбаев атындағы №226 гимназияның ұйымдастыруымен ұстаз-ақын Ғалия Мейірманованың «Бір үзік сыр» атты жыр жинағының тұсаукесері өткізілді.
Келелі басқосуда ардагер ұстаздар: Қәдірбек Бекетов, Айжаһан Ысқақ, Күлпан Ережепова, Марал Айымбетова ақжарқын лебіздерін білдіріп, естеліктерімен бөлісті. Б.Мергенбаев атындағы №226 гимназия оқушылары ақынның өлеңдерімен қатар өз шығармаларын нақышына келтіріп оқыды. Сондай-ақ, әсем әннен шашу шашты.
Шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, жиналған көпшілікке таныстырылды. Кешті аудандық орталық кітапхана директоры И.Назарова қорытындылап, қатысқан барша оқырмандарға алғысын білдіріп, ұстаз-ақынға сый-сияпат пен алғыс хат табыстады.
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ.

16 сәуір 2018 ж. 2 597 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930