Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Озық оқу ордасына – 10 жыл

Озық оқу ордасына – 10 жыл

Ел ішінде «Алтындар ұстаханасы» атанған Ержігіт Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейге биыл 10 жыл толып отыр. Осынау уақыт аралығында облыстық, республикалық, халықаралық білім олимпиадалары мен түрлі додаларда топ жарып жүрген мектеп шәкірттерінің бағындырған белестері аз емес. 2009 жылдан бері шәкірт тәрбиелей бастаған мектеп ұжымы бүгінгі күні біршама биікті бағындырды. Аймақ бойынша өзіндік келбетін де қалыптастырып үлгерді.

Мәселен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақстандық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қы­зыл­орда облыстық комитетінің ұйға­рымымен мектеп-лицейге «Үздік әлеуметтік әріптес» бағамы берілді. Халықаралық олимпиада комитетінің ұйымдастыруымен өткен сайыста «Белсенді мектеп» кубогын иеленді. Сондай-ақ оқыту бағдарламаларының сыни ойлау қабілеті және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттап жұмыс жүргізгені үшін Қазастан педагогтарының инновациялық идея­ларын дамыту орталығының «Ең үздік мектеп – 2017» бағамын иеленіп, Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұдан кейін облыстық білім басқармасы мен Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Білімнің бесігін тербеткен» бағамын меншіктеді. Қазіргі таңда оқу ордасының ұстаздары заманауи, инновациялық технологияны оқу бағдарламасына енгізіп, шәкірттерге түрлі бұйымдар жасауды үйретуде. Сол себепті жақында облыстық педагогикалық шеберлік орталығының сертификатын қанжығалады.


Тұтас білім ордасы мен педагогикалық ұжым деңгейі оқушылардың білім көрсеткішімен бағаланатыны белгілі. 2010 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен мектеп бітірушілердің орташа баллы жоғары болған 100 мектептің қатарына еніп, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің құттықтау хатын алды. Осы тұста мектеп түлектері Б.Бәлдіров, А.Ақбаева мен А.Кемалдың Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары нәтиже – 125 балл жинағанын айта кеткен жөн.

Бұлардан бөлек лицей мұғалімдерінің кітап жинақтары, ғылыми атақтары мен оқушыларының жетістіктері өз алдына бір төбе.
Жуырда оқу ордасының он жылдық мерейтойы қарсаңында «Рух ордама – 10 жыл» тақырыбындағы мектеп ұжымы ұйымдастырған әсерлі мерекелік кеш өткізілді.

Айтулы шараға аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Самұрат Имандосов, облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп, аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбілқасым Роман мен бірқатар қадірлі қонақтар қатысты. Алдымен Ә.Мұратбайұлы оқу ордасының мерейлі мерекесімен құттықтап, ұстаздар қауымының алдағы уақытта да шәкірт тәрбиелеуде талмай қызмет ететініне сенім білдірді. Білім ордасының өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген бірқатар ұстаздар қауымына Алғыс хат пен Құрмет грамоталарын табыс етті.

Ал мерекелік лебіз білдіру үшін сөз алған С.Жұманұлы оқу ордасы орналасатын аймақты белгілеу кезіндегі қиындықтарды еске ала келе:
– Көпшілік мектеп-лицейдің қала сыртына салынуына қарсы пікір білдіріп, кент орталығын ұсынды. Бірақ жоба бойынша қазіргі орны өзгертілген жоқ. Бүгінгі күні бұл маңды қоныстанушылар қатары көбейді. Нәтижесінде ауданның қай жеріндегі болсын оқушылардың асыға баратын мектебі атанды, – деді.

Салтанатты жиын барысында «лицей­дің феномені» атанып кеткен ақын, ұстаз Абдолла Сапардың сөзіне жазылған «Лицей маршы» орындалды. Ал 2 сынып оқушылары орындаған «Лицейіме 10 жыл» әні көпшіліктің жүздеріне жылылық ұялатты. Бұдан әрі оқу ордасының жанынан құрылған «50де 50» жайдарман тобы өткір әзілдерімен кеш қонақтарын күлкіге қарық қылды.

Кеш аяқталар тұста сахнаға бірқатар мектеп түлектері көтеріліп, ұлағатты ұстаздар қауымына ризашылықтарын білдірді.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

29 сәуір 2019 ж. 1 954 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 41

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 37

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930