Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаз-аналарға құрмет

Ұстаз-аналарға құрмет

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің үлкен залында өткен мерекелік жиында педагогика саласында жемісті еңбек етіп жүрген ұстаз-аналарға құрмет көрсетілді.
Мерекелік шараға мектеп, балабақша директорлары, оқытушылар мен тәрбиешілер және ардагерлер қатысты. Шәкірттерді білім нәрімен сусындатқан ұстаз-аналарды аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов, аудандық білім бөлімінің басшысы Бектұр Қалиев төл мерекелерімен құттықтап, үлгілі мұғалімдерді аудан әкімінің, облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитетінің «Алғыс хаттарымен» марапаттады.
Осы салада отыз жылдан астам уақыт қызмет атқарып, мереке күні аудан әкімінің «Алғыс хатына» ие болған Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айшагүл Қалау әйелдер қауымына көрсетілген ілтипатқа дән риза екенін айтты.
– Мемлекетімізде ұстаздар қауымына барынша жағдай жасалған. Елбасының жыл сайынғы Жолдауында да білім саласына айрықша көңіл бөлінеді, – деді тәжірибелі маман.
Мерекелік көңілді кешті мектеп оқушылары, түрлі ән байқауларының жеңімпаздары әуелеген әнмен, сазды бимен көркемдеді.
Ж.СОВЕТҰЛЫ.
13 наурыз 2018 ж. 3 081 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 128

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031