Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқауда бақ сынағандар мәреге жетті

Байқауда бақ сынағандар мәреге жетті

Қазалы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен білім қызметкерлері арасында өткізілген «Жолдау жолымен білім биігіне!» атты үгіт насихат бригадалар байқауының ақтық сайысына алты аймақ бойынша іріктелген он үш жүлдегер ұжымдары өзара сайысқа түсті.
Елбасы Жолдауын насихаттауда ұстаздар байқау шарттарына сай үлкен дайындықпен келгендіктерін көрсете білді. Әрбір ұжым сайыс ережесіне сай өнер көрсетіп, көрермен көпшілікке рухани демалыс сыйлады десек артық айтқандық емес. Байқау сайыс болғандықтан жүзден жүйрік озады демекші қазылар алқасы өнер ұжымдарына ризашылық лебіздерін білдіріп қорытынды жасады.
Сайыс нәтижесінде Бас жүлдеге Қазалы аудандық Қорқыт ата атындағы балалар музыка мектебінің «Қорқыт жастары» тобы иемденсе, І-орынға №266 мектеп-лицейдің «Air Kazaly-266» тобы иемденді. Жүлделі ІІ-орын №11 «Балапан» бөбекжай-балабақшасының «Тағылымы терең насихат» тобы, ІІІ-орын Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің «Самғау» тобы лайық деп танылды. Қалған қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталды. «Үздік насихаттаушы» номинациясымен Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектеп пен №4 «Шұғыла» балабақшасы; «Үздік PR топ» номинациясымен №94 мектеп, «Үздік әуенді ұжым» номинациясымен №91 мектеп пен «Аида» жеке балабақшасы; «Үздік сценарий» номинациясымен №93 мектеп пен №134 мектеп және «Шығармашыл топ» номинациясымен №25 мектеп пен №20 «Жайна» балабақшасы марапатталды.
Алты аймақ бойынша өткізілген аймақтық байқауда өнер көрсетіп ерекшеленген ұстаздар да аудандық білім бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің алғыс хаттары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
29 наурыз 2018 ж. 2 261 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930