Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кесене басындағы берекелі іс

Кесене басындағы берекелі іс

Тазалық – денсаулық кепілі. Сондықтан күнделікті тұрмыста бұл мәселеге мән берудің маңызы айрықша. Соңғы уақыттары туған жерде қоршаған ортаны аялап, көркіне көрік қосу мақсатында көптеген үлгілі жұмыстар атқарылып келеді. Жылдағы үрдіс биыл да жалғасуда.
Осыған орай дүйсенбіде Жанқожа батыр кесенесі, Рәміздер алаңының аумағы мен Әйтеке би ескерткішінің айналасы күл-қоқыстардан тазартылып, арықтар қазылды. Айыр-күрек, кетпен, тырма құралдарымен сайланған мекеме-кәсіпорын ұжымы, білім беру ұйымдары мен жастар санитарлық-тазарту ісіне белсене қатысты. Олар өздеріне белгіленген аумақтағы ағаш бұтақтарын кесіп, бітелген аяқсу жолдарының көзін ашты. Дәстүрлі тазалық айлығы аясында Әйтеке би кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен баба рухына арнайы мал сойылып, сенбілікке қатысушыларға ас берілді.
Тазалық жұмысын бақылаған аудан əкімі Мұрат Ергешбаев тарихи-мәдени ескерткіштердің айналасын таза ұстау, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жайында орынбасарлары мен кент əкімдігіне бірқатар тапсырмалар берді.
А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
27 наурыз 2019 ж. 2 358 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 56

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 57

Әсем әндер әуеледі

03 наурыз 2026 ж. 56

Өнермен өрілген ғұмыр

03 наурыз 2026 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031