Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаз-ғалым – туған жерде

Ұстаз-ғалым – туған жерде

Қазақ қыздар мемлекеттік университетінің қауым­дастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, ЖОО-ның үздік оқытушысы Сараш Қоңырбаева сүйікті алтын ұясы №25 орта мектебінде болды. Туған жер түлегі білім шаңырағын аралап, оқушылардың шығармашылығынан дайындалған көрмені тамашалады. 9-11 сынып оқушыларымен жүздесіп, тәрбие мен білім беру мәселелері жайлы пікірлесті. Оқушылар профессор-педагогқа көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Шара соңы жас мамандармен өткізілген шеберлік сабағына жалғасты.

Сол күні ауылдық мәдениет үйінде “Құндылықтан бере алған мол тағылым, Қауышты ауылымен ұстаз-ғалым” тақырыбындағы кеш өткізілді. Басқосуды бастауыш сынып мұғалімі Самал Сәрсен жүргізді. Кеш барысында ұстаз-ғалым қоғамдық жаңғырудың мән-маңызы, ұлттық тәрбиені дамыту жолдары туралы толғамды пікірлерін ортаға салды. Сараш Сахиқызы шығармашылығынан “Елімнің жүрегі – Астана” әнін Камила Қожахмет, “Жантанушылар әнұранын” мектептің 6-7 сынып оқушыларынан құралған хор ұжымы орындады. Мектептің жас ақыны Тоқтарбек Аманкелді арнау өлеңін домбырамен орындады.

Кеште Сараштың алғашқы ұстазы Ырысты Жүсіпова, Аранды ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Жарылқасын Қуаңбаев, №25 мектеп директоры Тайберген Әбжәлел ыстық ықыласын білдіріп, қызметіне жоғары табыс тіледі.

Нұрсұлу СЕЙІТОВА,
№25 мектеп директорының орынбасары
18 наурыз 2019 ж. 2 668 0

МӘҢГІЛІК МҰРА

24 мамыр 2025 ж. 18

РУХАНИ АЗЫҚ ОРДАСЫ

24 мамыр 2025 ж. 22

Жәнібектің жетістігі

23 мамыр 2025 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031