Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім беру ісінің үздігі пайғамбар жасында

Білім беру ісінің үздігі пайғамбар жасында

63 жыл бұрын (1955) ғалым, өнертанушы, этнограф, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Қоңыратбай Тынысбек Әуелбекұлы дүниеге келді.
Қызылорда қаласында туған. Қызылорда педагогикалық институтын (Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті), Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы, «Өнер» баспасының редакторы, «Кітап жаршысы» газетінің редакторы, Қазақ педагогикалық институты қазақ музыкасы кафедрасының меңгерушісі, «Музыка әлемінде», «Қазақ және әлем әдебиеті» журналдарының бас редакторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры. Қазақ музыкасының ежелгі дәуірін тұңғыш зерттеушілердің бірі. Еңбектерінде қазақ эпосы мен этнографиялық тарихын ұштастыра қарастырады.
«Қорқыт ата» атты симфониялық поэма, «Дала суреттері», т.б. соната, музыкалық пьеса, әндер жазған. Қазақ ауыз әдебиеті, әдебиет тарихының мәселелері мен күйшілік, әншілік дәстүрге арналған бірнеше ғылыми-зерттеу еңбектердің, көптеген ғылыми мақалалардың авторы.

18 қыркүйек 2018 ж. 2 493 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 152

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 154

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031