Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мейірімге толы он күн

Мейірімге толы он күн

Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектепте «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында онкүндік өтті. Шара аясында «Ән көңілдің ажары» атты әндер фестивалі ұйымдастырылды. Оған қатысушылар «Бақытты балалық шақ», «Әнші балапан», «Бала тілегі», «Әрқашан күн сөнбесін» әндерін орындады. Мектеп психологтары 3-6 сыныптар арасында «Жүректен жүрекке», «Мейірімді жүрек» тақыры­бында психологиялық тренинг өткізді.
«Алтын жүрек анамыз» тақы­рыбында оқырмандар арасында «Өзін-өзі тану» рухани адамгер­шілік бағдарламасының авторы С.Назарбаеваға арналған мәнерлеп оқу байқауы болды. «Руханилықтың мөлдір бұлағы» көрмесі ұйымдасты­рылды және эссе жазудан сайыс өткізілді. Сондай-ақ 3 сынып «Жомарттық пен кеңпейілдік», 4 сынып «Өзімшілдік пен кеңпейілділік», 6 сынып «Мен және қоршаған әлем», 5 сынып «Отбасы татулығы» атты ашық сабақ ұйымдастырды. «Рухани адамгершілік құндылықтар» тақырыбында қойылым қойылды.
Онкүндік аясында 8 сынып оқу­шылары «Қайырымдылық жер бетін­де» тақырыбында флешмоб би­леді. 2 сынып оқушылары аудандық өлкетану музейіне саяхат жасады. Онкүндіктің жабылу салтанатында шараға белсене қатысқан оқушылар мен ұстаздарға алғыс айтылып, марапаттар тап­сырылды.
Сәнімкүл АЙЖІГІТОВА
23 ақпан 2019 ж. 5 554 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30