Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тағылымды тіл апталығы

Тағылымды тіл апталығы

«5 қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдері күніне» орай № 225 орта мектепте «Мәңгілік елге – мәңгілік тіл» атты онкүндік өткізілді. 5-15 қыркүйек аралығында өткізілген онкүндікке мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатынасты. Іс-шаралар барысында 4-7 сыныптарға «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбымен сынып сағаттары, 5-10-сыныптарды қатыстыра отырып, «Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты айдармен әдеби кеш және үш тілдің тұғырлылығына арналған 8-9-10 сынып оқушыларына арналған интеллектуалды білім сайыстары болды. Сондай-ақ «Тіл – ұлттың жаны тақырыбымен» 8-10 сынып оқушылары арасында ақындар мүшәйрасы өткізілсе, 5-6-7 сынып оқушыларына «Латын тілі – біздің жарқын болашағымыз» тақырыбында эссе жазудан байқау өткізілді. Тіл апталығы аясында өткен байқау қорытындылары бойынша жеңімпаз деп танылған 5 сынып оқушылары Өмірзақ Айтжан, Байсалбаев Ерасыл, Өксікбай Асылайым, Махамбет Жансая, 10-сынып оқушылары Әли Шұғыла, Жанызакова Эльмира, Қойшыбай Ақан, Жәли Асылзат, Дінберген Көркемдер жүлделі орындарды алып, мектеп әкімшілігінің мақтау қағаздары мен сыйлықтарына ие болды.
Қазақ тілінің мәртебесін жоғарылатып, айбынын асқақтату мақсатында өткізілген онкүндікте пән мұғалімдерінен басқа да атсалысқан сынып жетекшілер мен кітапханашы, мектеп тәлімгеріне мектеп директоры Д.Мешітбай алғыс білдірді. «Мәңгілік елге – мәңгілік тіл» атты онкүндік соңы әдеби кештегі мектеп көркем өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Эльмира ЖАНЫЗАКОВА,
№ 225 орта мектептің 10 «А» сынып оқушысы
Кәукей ауылы
24 қыркүйек 2018 ж. 7 333 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 251

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 249

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31