Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Махаббат пен шығармашылық педагогикасы

Махаббат пен шығармашылық педагогикасы

Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектебінде «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында өзін-өзі тану онкүндігі ұйымдастырылды.
Онда 4-10 сыныптар арасында «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. 2-10 сыныптықтар «Жас суретшілер» атты көрме жасап, еркін тақырыптағы салған суреттерін көпшілік назарына ұсынды.
Қайырымдылық іс-шаралары да қамтылды. Мектеп психологы Жанар Қуанышбай 10 сынып, технология пәнінің мұғалімі Жанна Кушпанова 7 сынып оқушыларымен бірге Әйтеке би кентіндегі «Шапағат» мүмкіндігі шектеулі балалар орталығында болып, бүлдіршіндерге концерттік бағдарламаларын қойып, сыйлықтарын үлестірді. 4-10 сыныптағылар «Байлық, сүйіспеншілік, махаббат» атты қойылымдарын көрсетті. Жақсылықтар жасауға тәрбиелеу, өнерге қызығушылықты арттыру мақсатындағы онкүндікке оқушылар белсене қатысып, ұйымшылдық танытты. Өзін-өзі тану пәнінің музыка, сурет, еңбек сабақтарымен тығыз байланыса жүргізілетінін терең ұғынды.
Қорытынды кеш үстінде мектеп директоры Сейілхан Бердібекұлы бірқатар мұғалімдер мен шәкірттерге марапаттауларын тапсырып, оларды қол жеткізген жетістіктерімен құттықтады.
Нұржамал ІДІРІСОВА,
Жалаңтөс батыр ауылы.
03 наурыз 2018 ж. 5 055 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 148

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 164

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 175

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 166

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 139

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 177

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031