Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйнектегі әсемдік

Әйнектегі әсемдік

Қазалы қаласындағы Қ.Нұрмаханов атындағы №95 мектептің 8 сынып оқушысы Ерасыл Сапарбек әйнекке сурет салу өнерімен айналысады.
Ерасыл мектептегі «Жас қолөнер­шілер» үйірмесінің мүшесі. Үйірме жетекшісі, технология пәнінің мұғалімі Ғани Итеғұловтың айтуынша, ол алғыр әрі ұқыпты шәкірт. Қабілетті оқушының бойындағы талантын таныған ұстазы әйнекке сурет салуға машықтандырып келеді. Үздік оқушы алгебра мен қазақ әдебиеті пәнін ерекше сүйіп оқиды. Сабақтан тыс кезде достарымен шахмат, волейбол ойнағанды жақсы көреді. Әйнек бетіне сурет салу өнерін ең алғашқы болып меңгерген Ерасыл қазір бос уақытының көпшілігін осыған арнайтын көрінеді.
«Әйнекке сурет салуға қатты қызы­ғамын. Үнемі қалай өзгешелік енгізуге болады деп ойланып жүремін. Ағай екеуміз ойласа келе әйнектің астына қоятын тұғыр жасадық. Оған арнайы тоқ орнатылды. Жарық көзіне қосқанда әйнектегі сурет анық әрі әдемі көрінеді», – дейді өнерлі жас.
Қашанда қауіпсіздік ереже­сіне қатаң қарайтын үйірме жетекшісі Ғани Итеғұлов:
«Балалар ағаштан, темірден түрлі бұйымдар жасауды біледі. Әсіресе сымнан адамның, аңның, гүлдің, тағы басқа бейнелер шығаруды жақсы меңгерген. Іздене келе оқушыларға тың дүние үйреткім келді. Сөйтіп жуырда ғана әйнекке сурет салу өнерін қолға алдық. Интернет арқылы жұмыстың қалай жүргізілетіндігімен таныстым. Қандай жұмыс болмасын қауіпсіздік ережесі бас­ты назарда. Әйнекпен жұмыс істеуде аса сақтық қажет. Сондықтан баланың қолына бермес бұрын оның жан-жағын скотчпен қаптап аламын», – дейді.
Сурет салу үшін әйнектің кез келген түрі жарайды екен. Оған арнайы аппарат арқылы қалаған бейнеңізді түсіре аласыз. Құрылғыны Алматы қаласынан тапсырыспен алдырған. Үйірме жетекшісі арнайы бояуы мен желімі жеткізілсе, оқушылардың қолынан әлі талай керемет туындылардың шығатынына сенімді.
Аптаның 4-5 күндері жұмыс жүргізетін үйірмеге қатысуға ниетті шәкірттер саны күннен күнге артып келеді. Өнерге деген талпынысы таудай балаларға білгенін үйретуге үйірме жетекшісі қашанда әзір. Жақында ғана аудандық мәдениет орталығы ұйымдастырған «Талантыңмен таң қалдыр» атты өнер байқауында үздік деп танылып, І дәрежелі диплом және бағалы сыйлықты иеленген Ерасыл Бахтиярұлы болашақта әйнекке құммен сурет салуды да үйренгісі келетіндігін жасырмады.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

23 ақпан 2019 ж. 2 460 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930