Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жырға ғашық жүрек

Жырға ғашық жүрек

Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы №17 мектептің 9 сынып оқушысы Әлия Аманжол ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 100 өлеңін жатқа біледі.
Әлия Мұқағалидың «Шыда, шыда» өлеңін 5 сыныпта оқып жүргенде жаттап алған. Бұл туынды оның поэзия әлеміне деген құштарлығын оятып, көркемсөз оқудың шеберіне айналдырды. Қара өлеңді нақышына келтіре оқитын қыздың бойындағы талантты таныған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі әрі сынып жетекшісі Гүлнар Әметова шәкіртін одан әрі шыңдай түсті. Мектептегі 6 «а» және «ә» сыныптарына қазақ тілінен таңдау пәнінен сабақ беретін Гүлнар бүгіндері оқушыларға латын графикасын меңгертуді қолға алған. Оның шәкірттері латын графикасымен жазылған мәтінді кідіріссіз оқып, еркін жаза алады.
– Әр ұстаз алдындағы баланың бойында бар талантты ашуға тырысады. Менің де ұстанымым солай. Алғыр, өнерлі, білімді шәкірттер жетерлік. Солардың бірі – Әлия Нартайқызы. Жетекшісі ретінде түрлі байқауларға бірге бардық. Үлкен үміт артамын, – дейді ұстазы.
Бүгінде ақынның жүз өлеңін жатқа оқитын Әлия сабақта үздік әрі білім ордасындағы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.
Болашақта дәрігер болуды армандайтын шәкірттің химия пәніне деген сүйіспеншілігі жоғары. Ол аудандағы осы пән бойынша өткен олимпиаданың екінші орын иегері. Көркем шығармаларды әсерлі оқитын әдемі дауысы бар Әлия: «Мұқағали ақынның әр өлеңінде терең мағына бар, оны жатқа айту бір бөлек, түсініп оқу бір бөлек дүние», – дейді.
Өлең жаттау арқылы есте сақтау қабілетім артты деген оқушы қатарластарын көркем әдебиетті жиі оқуға шақырды.
Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ

09 ақпан 2019 ж. 2 752 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 107

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930