Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талап қою мерзімі өтуіне байланысты берешек сома өндіруден бас тартылды

Талап қою мерзімі өтуіне байланысты берешек сома өндіруден бас тартылды

«Finance» Арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-і жауапкер Г.-ден заем шарты бойынша берешекті өндіру туралы талап арызымен Қазалы аудандық сотына жүгінген.
Іс құжаттарына қарағанда «Альянс Банк» АҚ мен жауапкер арасында жасалған банктік заем келісім шартына сәйкес, жауапкерге 36 айға сыйақы үстемесімен 660 000 тенге көлемінде қарыз берілген. Жауапкер қарызды сыйақысымен қоса уақтылы қайтару туралы міндеттемесін орындамай, нәтижесінде АҚ-ы алдында берешегі пайда болған.
Факторинг келісім шартына сай, талапкер банктік заем бойынша берешекті өндіру құқығын «Finance» Арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-не берген.
Бұдан бөлек, жауапкерден талап қою мерзімін өтуін қолдану туралы арыз түскен, себебі соңғы төлемнен бері 3 жылдан астам уақыт өткен.
Сот іс-материалдарын зерттеп, жауапкердің талап қою мерзімін өтуін қолдану туралы уәжін заңды және негізді деп таныды.
Сот шешімімен «Finance» Арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-нің талап арызы қанағаттандырудан бас тартылды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
15 қаңтар 2018 ж. 2 523 0

Қазақтың жарық жұлдызы

06 маусым 2026 ж. 94

Ғасырдан жеткен ғибрат

06 маусым 2026 ж. 92

№42 (1847)

06 маусым 2026 ж. 150

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930