Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Неке бұзу туралы іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Неке бұзу туралы іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Қазалы аудандық сотымен ашық сот мәжілісінде талап қоюшы Ғ.-ның жауапкер М.-ға қойған неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.
Талап қоюшы Ғ. өзінің талап арызында талапкер жауапкермен 2008 жылы неке құрып, ортақ некеден төрт бала тәрбиелеп отырғанын, алайда ортақ түсіністіктің болмауынан некесі жараспағанын көрсеткен. Ортақ шаруашылықтың жүргізілмейтінін, ортақ мүлікті бөлу, және балаларды тәрбиелеу туралы даудың жоқтығын ескеріп, некені бұзуды сұраған.
ҚР АПК-нің 165-бабының 5-тармақшасына сай, тараптарға пилоттық жобаны іске асыру мақсатында азаматтық істі медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасау арқылы аяқтау құқығы түсіндіріліп, хабарлама жолданған.
Алдын-ала сот отырысы барысында, тараптар жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы жазбаша өтініш түсірген.
Алдын-ала сот отырысы барысында тараптардың арасындағы дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс тоқтатылған. Келісім бойынша жауапкер М. талап қоюшы Ғ-мен татуласып, отбасын сақтап қалуға міндеттенді, ал талап қоюшы өз кезегінде талабынан бас тарты.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
06 желтоқсан 2017 ж. 2 524 0

Жедел көмек жан сақтайды

06 желтоқсан 2024 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031