Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік күні мерекесіне арналды

Тәуелсіздік күні мерекесіне арналды

"Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, мерекелік шара болып өтті. Шараға аудандық партия филиалы аппаратының қызметкерлері, бастауыш партия ұйымының мүшелері, жеке кәсіпкерлер мен жастар қатысты.

Мерейлі мерекеге арналған шараны аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мамбетжан Қасқырбек Өміразқұлы ашып, жүргізіп, кешке қатысушыларды мерекемен құттықтады.

"Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан. Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке! Бұл мереке – Тәуелсіздігімізге 27 жыл толуы!"-деп, партия белсенділері мен ауданның қоғамдық-саяси жұмыстарына белсенді атсалысып жүрген бірқатар азаматтарға мерекелік марапаттар табыстады.

Сондай-ақ Тәуелсіздік күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты «English for Jastar» жобасына қатысып, ағылшын тілін меңгерген оқушыларға арнайы сертификаттар берілді. 

Мерекелік шара барысында аудандық білім бөлімі жанындағы жастардан құралған "Серпін" ұйымының мүшесі, "Балапан" балабақшасының тәрбиешісі, партия белсендісі Өтепберген Әйгерім өзінің жүрекжарды лебізін білдірді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.

15 желтоқсан 2018 ж. 1 247 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 76

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 79

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 62

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930