Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Дара тұлға – Нұр аға» атты мерекелік шара өтті

«Дара тұлға – Нұр аға» атты мерекелік шара өтті

«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық партия филиалының мәжіліс залында 1 желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» мерейлі мерекесіне орай «Дара тұлға – Нұр аға» атты мерекелік шара болып өтті. Елбасын құрметтеуге арналған шараны аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан ашып, жүргізді.
Барша партия мүшелерін мерекемен құттықтап, «Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлі іс-шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келді. Биыл міне, тағы да осы мерекені ашық аспан астында тәуелсіз мемлекетімізде бейбіт заманда тойлағалы отырмыз. Мемлекет басқару ісі-машақатты да мәртебелі міндет. Нұрсұлтандай басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, қазақ халқы ең бақытты халық»-деді.
Шарада партия қатарына жаңадан қабылданған партия мүшелеріне жаңа үлгідегі партиялық билеттер табыс етілді. Сондай-ақ, Елбасының Стратегиялық бағыттарын насихаттап ауданның қоғамдық-саяси жұмыстарына белсенді қатысқан партия белсенділері «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық және Қазалы аудандық филиалының Алғыс хатымен марапатталды. мерейлі мерекеге арналған іс-шарада аудандық "Қазалы" газетінің бас редакторы Табынбаев Есет Жұмабекұлы партия мүшелерін мерекемен құттықтап, жылы лебізін айтты. Көшбасшыны құрметтеуге арналған кеште әсем әндер шырқалып, әсерлі тілектер айтылды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
01 желтоқсан 2018 ж. 1 273 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 89

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930