Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Марапат мінберінде партия белсенділері

Марапат мінберінде партия белсенділері

«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық партия филиалының мәжіліс залында 1 желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай «Дара тұлға – Нұр аға» атты шара болып өтті.

Маңызды жиынды аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан алғы сөзбен ашып, партия мүшелерін айтулы күнмен құттықтады.

«Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған мерекенің дәстүрлі іс-шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл тағы да осы даталы мейрамды Тәуелсіз мемлекетімізде бейбіт заманда тойлаудамыз. Мемлекет басқару ісі – мәртебелі міндет», – деді Қ.Мәмбетжан.

Шара барысында партия қатарына қабылданған партия мүшелеріне партиялық билеттер табыс етілді. Сондай-ақ, Елбасының стратегиялық бағыттарын насихаттап, ауданның қоғамдық-саяси жұмыстарына етене араласқан партия белсенділері «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық және Қазалы аудандық филиалының «Алғыс» хатымен марапатталды.
Гүлдәрі ИМАНАЛИЕВА,
«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық
филиалының консультанты.


11 желтоқсан 2018 ж. 1 247 0

Уақып - сарқылмас қазына

26 маусым 2026 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930