Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2019 жылы Рамазан айы қашан басталатыны белгілі болды

2019 жылы Рамазан айы қашан басталатыны белгілі болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2019 жылғы діни мереке күндерінің кестесін жариялады.
Келер жылы мұсылман қауым үшін 9 ерекше күн бар. Алғашқысы — сәуір айының 2-сі мен 3-не түсіп тұрған Миғраж түні. Бұл түні Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) Меккедегі әл-Харам мешітінен Иерусалимдегі әл-Ақша мешітіне бір сәтте исра жасады. Исра дегеніміз араб тілінен аударғанда "түнгі сапар" деген мағынаны білдіреді. Одан жет қат көк — Миғражға көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбармен, үнемі құлшылық жасайтын періштелермен кездесті.
Сондай-ақ, хадистерде Жаратушының түрлі белгі-аяттарын көріп, онымен тілдескені туралы жазылған. Осы түні мұсылман қауымға түнде бес уақыт намаз оқу парыз етілген.
Бұдан кейін 19-20 сәуір күні Бараат түні мерекесі келеді. Ал мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамыр күні, дүйсенбіде басталады.
Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға түсіп отыр. Артынша 4 маусым күні Ораза айт басталады.
Арапа 10 тамызға белгіленсе, Құрбан айт 11-13 тамыз күндері өтеді. Сондай-ақ, 9 қыркүйек — Ашура күні, 8-9 қараша — жер бетіндегі барша мұсылман Мәуліт түні мерекесін қарсы алады.
Ескерту: Хижри айлардың басталуы Түркия мен Араб елдеріндегі халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Алайда діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.
19 қараша 2018 ж. 3 025 0

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 180

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 129

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 141

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930