Жомарттықтың жарқын көрінісі

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаевтың айтуынша, Әйтеке би кентінде тұратын жүзге жуық денсаулығында кінарат бар мүгедек жан мен 7 пробацияда есепте тұрған азамат аталмыш шараға арнайы шақырылған. Сондай-ақ бұл күнгі жайылған мол дастарқан дәмінен әлеуметтік аз қамтамасыз етілген 52 отбасы мүшесі де ауыз тиіп, жанаршылыққа бөленді.
Жиылғандар жомарттықтың жарқын үлгісін танытып, ел алғысын алып отырған азаматтардың жұмыстарына жеміс тілеп, ақ батасын берді.
А.МЕЙІРХАНОВА