Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаларды қорғау мерекесіне орай ерекше тарту жасалды

Балаларды қорғау мерекесіне орай ерекше тарту жасалды

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын» деген болатын.
Мемлекет басшысының сарабдал саясатын жүзеге асыру мақсатында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазалы ауданы әкімдігі мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы алынған "Газель" автокөлігін тарту етті.
Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ә.М.Жарылқағанов балғын бөбектер мен жас бүлдіршіндерімізді мерекесімен құттықтап, балаларға арналған автокөліктің кілтін Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Т.Бөріқұлақовқа табыстады.
Ә.Мұратбайұлы «Тәуелсіз еліміздің әр шаңырағында дүниеге келген балалардың мерекесі барлығымызға ортақ. Бүгінгі өткізіліп отырған іс-шараның мақсаты да өздеріңізге керемет көңіл-күй, қуаныш сыйлау. Ауданымызда атқарылып жатқан игілікті істердің басым бөлігі біздің болашағымыз балаларға арналған. Өңіріміздегі жаңа оқу орындары мен балабақшалар жас қазалылықтардың тәлім мен тәрбиені жақсы жерде алуы үшін салынып жатыр. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларға бюджеттен қаражат бөлініп, «Газель» автокөлігі берілді. Сіздердің жүздерінен қуаныш пен бақыт күлкісі кетпесін» деп құттықтау сөзін аяқтады.
Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі және «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Қазалы» корпоративтік қоры және осы қоғамның Қазалы аудандық бастауыш ұйымы бірлесе өткізген салтанатты мерекеде өнерлі балалар ән шырқап, би биледі.
01 маусым 2018 ж. 1 716 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031