Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық сақтау – ортақ міндет

Тазалық сақтау – ортақ міндет

«Қазалы Көркем Сервис» ЖШС 2014 жылы құрылып, негізінен Әйтеке би кенті аумағында санитарлық-тазалық, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізумен айналысып келеді. Он алты жұмысшы он механизатордан жасақталған серіктестік 10 арнайы көлікпен қамтылған. Сонымен бірге сенімді басқаруға берілген тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын полигон 2015 жылдан бері тұрғындар пайдалануында.
Бұл үшін әр жылдары Әйтеке би кенті бойынша санитарлық-тазалық пен көркейту-көгалдандыру, абаттандыруға бөлінген қаржыға мемлекеттік ашық конкурс арқылы жеңімпаз болып табылып, көптеген істердің жүзге асырылуына атсалысуда.
2017 жылы санитарлық тазалыққа 45680804 мың қаржы бөлінсе, абаттандыру мен көркейту-көгалдандыруға 15588612 мың теңге қаралды. Сондай-ақ ақылы қызмет көрсету арқылы 21 миллион теңге қаржы тауып, материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында 1 ассенизатор, 1 ЗИЛ автокөлігін, 1 АГП сатып алса 12,5 миллион теңгеге тұрмыстық қатты қалдықтарды таситын жаңа жобадағы автокөлігі лизингі арқылы алынды.
Бұрындары 606 дана тұрмыстық қатты қалдықтарды салатын сыйымдылығы 0,75 текше метр темір контейнерлер болса, өз күшімізбен тағы да 120 дана контейнер дайындалып, тұрғындарға жалға беріліп отыр. Осы жылы кент әкімдігі 200 дана контейнерге қаржы бөліп, конкурс арқылы жеңімпаз болуымызға байланысты, қазіргі таңда дайындалу үстінде.
Кент бойынша санитарлық-тазалыққа 4 бригада белгіленген маршрут бойынша жұмыс істесе, тұрмыстық қатты қалдықтарды таситын 3 автокөлік 726 контейнерді тазалаумен айналысады. Күн сайын полигонға 90-110 текше метр аралығында күл-қоқыс шығарылады. Дегенмен, кент аумағында 186 көшеде 45 мыңға жуық халық тұратынын ескерсек, тазалықты бір серіктестіктің күшімен атқару мүмкін емес. Өйткені, келісім-шартта көрсетілген 52 көшеге, шет аймақтарға, қорымдар мен сквер, парктерге де қызмет жасалады.
Әйтеке би кенті әкімдігінің басшылығымен 2016 жылы 186 көшеге бір-бірден адам бекітіліп, қауымдастық құрылған болатын. Оның мүшелері кент әкімдігімен бірлесе өз ұсыныс-пікірлерін айтып, қай бағытқа қаржыларды бөлу қажеттігі туралы шешімдер қабылдауға тікелей араласа алатыны көңілге қонымды. Осы орайда мәселені де ескерсек дұрыс болар еді. Қауымдастық мүшелері келешекте бекітілген көшелеріндегі тұрғындармен жиындар өткізіп, кенттің тазалығын сақтау жөнінде түсіндірсе. Аптаның бір күнін белгілеп, сол уақытта серіктестікпен келісімшартқа отырып, тұрмыстық қатты қалдықтарды белгіленген орынға шығарып тұруға ықпал етілсе.
Өткен жылы серіктестік кент әкімдігімен, ішкі істер бөлімі қызметкерлері, тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы мамандары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 4-5 көше бойында жиналыс өткізді. Алайда тұрғындар тарапынан жанды қолдау көрмедік. Ә.Тыныбаев атындағы көшенің отбасылары келі¬сімшартқа отырды.
Кейіннен келісімшартқа отырмаған тұрғындар да тұрмыстық қалдық¬тарды шығарып қоятын болғандықтан наразылық туып, келісімді бұзуға мәжбүр болдық.
Кент аумағы жыл сайын өсіп, көркейіп – абаттанып келе жатқаны баршаңызға белгілі. Бес-алты базар, жеті-сегіз мейрамхана, қонақ үйлер, шағын супермаркеттер, бірнеше сауда үйлері бой көтерді. Бұған қуаныштымыз. Дегенмен осы жағдайдың екінші жағы тағы бар. Олай дейтініміз, аталған нысандардың барлығы бірдей тұрмыстық қатты қалдықтарды әкетуге келісімшарт жасамаған. Сұрай қалсаң, өз көліктерімізбен шығарамыз деген уәж айтады. Бірақ аталған нысандардың ешбірі арнайы 24 сағат жұмыс істеп тұрған полигонның тіркеу журналына алынбаған. Сонда шет аймақтағы жол жиегіндегі күнделікті тасталып жатқан қоқыстар осындайлардың қарекеті екендігі анық. Белгіленбеген жерге қап-қап қылып қоқыс шығарып қою тиылар емес. Сонда біздің мәдениетіміз, ұрпақтан-ұрпаққа, атадан-балаға беріліп келе жатқан тәліміміз «тазалық табалдырықтан басталады» деген даналық сөздеріміз қайда?
Сын түзелмей, мін түзелмейді. Сондықтан біздің мекемемен тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға келісімшартқа отырмағандар қатарында «Несібелі», «Тұмар», «Еркебұлан», «Айнұр», «Нұр Әлем», «Жиһаз», «Ақмаржан» сауда үйлері, «Арзан» сауда үйінің ойын-сауық орталығы, «Астана» кафесі, «Наурыз» мейрамхансы, «Ломбард, Асхана, Аптека, Связь», «Темірлан» дүкені (Әйтеке би көшесі), «Әділет басқармасы» «Бастау» (Әйтеке би көшесі Халық банкіге қарама қарсы орналасқан дүкен, кафелер), «Бек-Жан дүкені» (Пірімов көшесі) бар екеніндігін айтамыз. Олар болашақта айтылған ескертуден қорытынды шағырады деп сенім артамыз.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында экологиялық жағдайды жақсартуға отбасын, елді мекендерді абаттандыруға мән беруді де ұмыт қалдырмаған. Олай болса, өзіміз өмір сүріп жатқан Әйтеке би кентінің тазалығын сақтау – ортақ міндет екенін ешқашан естен шығармағанымыз жөн.
Дәулет ТҰЯҚБАЕВ,
«Қазалы Көркем Сервис» ЖШС директоры.
22 желтоқсан 2017 ж. 4 004 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930