Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Болат ӘМІРЕЕВ: Мал-жанның саулығына баршамыз жауаптымыз

Болат ӘМІРЕЕВ: Мал-жанның саулығына баршамыз жауаптымыз

Малдың саулығына кепілдік беретін бірден-бір сала – ветеринария екені даусыз. Жан-жануарлардың әртүрлі қауіпті кеселге шалдықпауын, олардан алынатын өнімдердің адам денсаулығына зиян келтірмеуін қамтамасыз ету бағытында еңбек етіп жүрген ветеринарлардың да еңбегі айрықша. Осы орайда «Қазалы аудандық ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры Болат Әміреевке хабарласқан едік. Ол аудан аумағындағы ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында «жыл көлемінде қандай жұмыстар атқарылып жатыр?» деген сауал төңірегінде сұрақтарымызға жауап берді. Олай болса, Болат Жалғауұлымен өрбіген сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

– Болат Жалғауұлы, мал шаруашылығы саласының, оның мемлекеттік бағдарламаларының орындалуы ветеринарлық қызмет көрсету сапасын жақсартуға, мал ауруларының азаюына тікелей байланысты екені белгілі. Осы мақсаттағы жұмыстар, алдын алу шаралары қалай жүріп жатыр?
– Иә, дұрыс айтасыз, аудандағы эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметіне тиесілі. «Қазалы аудандық ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 Заңы аясында қызмет етеді. Бүгінде аудан аумағында эпизоотиялық және энзоотиялық іс-шаралар үздіксіз жүруде. 2023 жылға Қазалы ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының 14 түрлі аса қауіпті жұқпалы ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық және 3 түрлі ауру бойынша диагностикалық іс-шараларды республикалық бюджет есебінен жүргізуде.
Атап айтар болсақ, бүгінгі таңда құтыру ауруына қарсы 10000 мүйізді ірі қараға, 19380 уақ малға, 2000 жылқыға, 2000 түйеге, 2000 итке, 500 мысыққа, ал аусыл ауруына қарсы 57500 мүйізді ірі қараға, 125000 уақ малға вакцина егілді. Сібір жарасы ауруына қарсы 34000 мүйізді ірі қараға, 81000 уақ малға, 9000 түйеге, 23800 жылқыға вакцина егілсе, эхинококкоз ауруына қарсы 6000 ет қоректілерге ветпрепарат берілді. Уақ малдардың күл ауруына қарсы 15000, оба ауруына қарсы 5000 уақ малға вакцина егілді. Лептоспирроз ауруына қарсы 5000 мүйізді ірі қараға, 10000 уақ малға вакцина егілді. Листериоз ауруына қарсы 5000 мүйізді ірі қараға, 5000 уақ малға вакцина егілді. Уақ малдардың оба ауруына қарсы 16000 уақ малға вакцина егілді. Пастереллез ауруына қарсы 15000 мүйізді ірі қараға вакцина егілді. Қарасан ауруына қарсы 18900 мүйізді ірі қараға, 35000 мүйізді ірі қараны нодулярлы дерматит ауруына қарсы вакцина егілді. Вирусты диарея және инфекциялық ринотрахеит ауруына қарсы 9734 мүйізді ірі қараға вакцина егілді. Туберкулез ауруына қарсы 1000 мүйізді ірі қараға аллергиялық тексеруден өткізілді.
Аудан көлемінде аталған ауруды болдырмау, алдын алу мақсатында ақпан айында аудан орталығына жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцина жеткізілді. Қазалы ауданы бойынша үй құстарына көктемгі егу жұмыстары барлық ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтай отыра жүргізіліп, жоспарға сәйкес 8500 үй құстарына вакцина егілді. Ауыл шаруашылығы жануарларының 6 түрлі энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жұмыстарына облыстық бюджет есебінен жүргізіледі. Энзоотиялық аурулар бойынша жылқылардың гастрофилез ауруына қарсы 13600 жылқыға, түйелердің трипаносомоз ауруына қарсы 5000 түйеге, уақ малдардың бауыр құрты (фасциолезі) ауруына қарсы 38850 уақ малға, мүйізді ірі қараның пироплазмоз ауруына қарсы 6500 мүйізді ірі қараға вакцина егілді.
– Аудан тұрғындарының көпшілігі мал ұстайды. Жаз маусымында үйдегі төрт-түліктен сарып ауруын жұқтыру қаупі болатындығын жақсы білеміз. Ұсақ және ірі малдардан жұғатын бруцеллез аурының алдын алуға қатысты қандай жұмыстар жүргізілді?
– Бруцеллез ауруының алдын алу мақсатында жоспарға сәйкес 39400 мүйізді ірі қара, 83756 уақ малдардан, 9000 түйеден қан сарысуы алынып аудандық зертханаға жолданып, «теріс» нәтиже көрсетті.
– Малды бірдейлендіру шаралары қалай жүруде?
– Қазалы ауданы бойынша компьютерлік дерек қор жүйесінде 51082 мүйізді ірі қара, 120813 уақ мал, 45647 жылқы, 12856 түйе, 226 аша тұяқты бар. Аудан көлемінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары ҚР АШМ-нің 30 қаңтар 2015 жылғы №7-1/68 санды «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілуде. Жыл басында ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің 2023 жылға арналған жоспары жасалып, жоспарға сәйкес төмендегі ауылшаруашылық жануарлары бірдейлендірілді. Олар мүйізді ірі қара малының бірдейлендіру жоспары 14000, сырғаланған мал басы 9730, уақ малының бірдейлендіру жоспары 41000, сырғаланған мал 33300, жылқы малының бірдейлендіру жоспары 9200, бірдейленген мал 2050, түйе малының бірдейлендіру жоспары 2100 бас, бірдейленген мал саны 1000.
– Иесіз иттер мен мысықтарды жою шараларына тоқталсаңыз.
– 2022 жылы 103 ит және 6 мысық тұрғындарды жарақаттаған. 2021 жылдың 30 желтоқсанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шығуына байланысты 2022 жылдың 2 наурызынан бастап, кәсіпорынның қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша қызметі тоқтатылды. 2023 жылға кәсіпорынға иесіз иттер мен мысықтарды аулауға ешқандай қаржы қаралған жоқ.
– Мал қорымдарының жайы қалай?
Қазалы ауданы бойынша бүгінгі күні қала, кент және ауылдық округтердегі мал өлекселерін тастайтын 8 мал қорымы пайдалануға берілген. Бүгінде типтік жобада салынған биотермиялық шұңқырлар Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, Құмжиек, Сарыкөл, Көларық, Мұратбаев және Шәкен, Арықбалық ауылдық округтерінің теңгерімінде. Ондағы мал қорымдары ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қатаң сақтаййды.
– Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының эпидемиологиялық ахуалы қалай? Індетке қарсы қандай қарекет жасап жатырсыздар?
– Қазалы ауданы елді мекендері бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына 2023 жылға анықталған қолайсыз 13 елді мекендердегі мал саны мен қора, суат, шаңлақ көлемі анықталып, атап айтқанда Пірімов, Басықара, Водокачка, Үйрек, Аранды, Қожабахы, Сарбұлақ, №102 бекет, Жанқожа батыр, Ақтан батыр, Ғ.Мұратбаев, Ойынды бекеті, Майлыбас ауылдық округтері көктемгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының табиғи ошақтарында 2023 жылы көктемгі эпидмаусымда жүргізілетін залалсыздандыру жұмыстарының кестесі бекітіліп, бекітілген кестеге сәйкес ауданымыз бойынша қолайсыз болып табылған 13 елді мекенде мал қоралар мен ауылшаруашылық жануарларын кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары 17 мамырдан бастап 2 кезеңде жүргізілді. Ал күзгі эпидмаусымда жүргізілетін залалсыздандыру жұмыстарының 2 кезеңі 18 тамыздан бастап жүргізілуде.
Ауданымыз бойынша қазіргі таңда тұрғындардың қаражаты есебі мен өтініштеріне сәйкес 5000 мүйізді ірі қараға, 7600 уақ малға, 600 жылқыға, 55 түйеге эндопаразиттер мен эктопаразиттердің алдын алу мақсатында Айвен, Ивермектин, Аверсект және тағы басқа ветпрепараттары егілді. Аранды ауылдық округінен 500 уақ мал, Майлыбас ауылдық округінен 2500 уақ мал тоғытылды. Жалпы аталған ауылдық округтерде 3000 уақ малдар тоғытылды.
– Тұрғындарды қауіпті індеттен сақтандыру мақсатында нендей шара атқарылуда?
Аудан тұрғындары арасында ауылшаруашылығы жануарларынан жұғу қаупі бар жұқпалы ауруларды болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізілуде. Сонымен қатар әлеуметтік желіге (фейсбук парақшасына) мақалалар жарялануда.
– Сұхбат соңында тұрғындарға айтар уәжіңіз...
– Мал шаруашылығы экономиканы алға сүйрейтін саланың бірі екендігін бәріріміз білеміз. Ал ветеринарлар аталған саланың ақсамауына, қауіпті ауру түрлерінің тарамауына, мал өнімдерінің таза болуына атсалысады. Бірақ кейде біздің мамандардың жұмысына жекелеген адамдар кедергі келтіретін жайттар да болып тұрады. Салғырттық пен немқұрайлылықтың салдарынан түрлі қауіпті ауруларға жол ашылады. Осы ретте тұрғындарға мына нәрсені баса айтқым келеді. Мал-жанның саулығына біз ғана емес, баршамыз жауаптымыз. Осыны қаперден шығармасақ, адамның да, жануардың да амандығы сонда ғана тең болады.
Әңгімелескен
Арайлым ЖҮСІПОВА
05 қыркүйек 2023 ж. 191 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 57

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 50

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930