Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 2026 жылдан бастап МКК-ға интернет-алаңдар деректерді жаңа қағидаларға сүйене отырып ұсынады

Қазақстанда 2026 жылдан бастап МКК-ға интернет-алаңдар деректерді жаңа қағидаларға сүйене отырып ұсынады

Фото: pexels
Қаржы министрі 2025 жылғы 21 қазандағы интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына ҚР резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер және төлемдер туралы ұсынатын мәліметтер нысанын және оларды ұсыну қағидаларын белгілеу туралы бұйрыққа қол қойды.
2026 жылдан бастап интернет-алаң иесі есептік айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей Комитетке Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер және төлемдер туралы мәліметтерді нысан бойынша ұсынады.

Мәліметтер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі. Егер тауарлар мен қызметтердің өткізілуі, сондай-ақ төлемдер шетел валютасында жүзеге асырылған болса, мұндай сатылым мен төлемнің сомасы өткізу және (немесе) төлем жасалған күнге уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірлесіп айқындаған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына конвертацияланады.

Көрсетілуге тиіс деректер болмаған кезде, Мәліметтер нөлдік мәнімен ұсынылады.
Мәліметтер Комитетке қазақ немесе орыс тілінде ұсынылады, оған басшысы қол қояды.

Мәліметтер Комитетке салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі (СӘИЖ) арқылы ұсынылады. СӘИЖ-де техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайларда Мәліметтер Комитетке CD-диск арқылы ілеспе хатпен бірге ұсынылады.

СӘИЖ техникалық ақаулардың (қателердің) бар екендігі туралы ақпарат Комитеттің сайтында техникалық ақаулардың (қателердің) бар екендігі туралы баспасөз релизін жариялау арқылы расталады.
СӘИЖ-де интеграция орнатылғанға дейін Мәліметтер Комитетке CD-диск арқылы ілеспе хатпен бірге ұсынылады.
Басшысы ұсынылған Мәліметтердің анықтығы мен уақтылығы үшін жеке жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының заңнамада мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды адамының заңды талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілік көзделген.
Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
28 қазан 2025 ж. 143 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031