Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапонияда әлемдегі алғашқы иенге байланған стейблкоин іске қосылды

Жапонияда әлемдегі алғашқы иенге байланған стейблкоин іске қосылды

Фото: ©Pixabay.com
Жапонияда ұлттық валюта – иенге толықтай байланған әлемдегі алғашқы стейблкоин ресми түрде айналымға енгізілді. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Мақалада атап өтілгендей, стейблкоин шығаруды JPYC Inc. компаниясы бастаған. Цифрлық валюта ішкі резервтер мен Жапонияның мемлекеттік облигацияларының қамтамасыз етуімен қолдау тапқан.
Стартаптың жоспары бойынша, алдағы үш жыл ішінде 10 триллион иенге (шамамен 66 миллиард доллар) дейін цифрлық активтер айналымға шығарылады.
Пайдаланушылар бұл стейблкоиндерді комиссиясыз аударып, ал компания инвестицияланған қаражаттан пайыздық табыс табуды көздейді.
Жапония банкінің бұрынғы басшысы Томоюки Симоданың пікірінше, иенге байланған стейблкоиндердің кеңінен таралуы уақыт алады, әрі олар долларға бекітілген активтермен бәсекелесе алмайды.
Ал Жапония банкі төрағасының орынбасары Рёдзо Химино стейблкоиндердің жаһандық төлем жүйесіне ықпал етіп, дәстүрлі банктік депозиттердің орнын ішінара басуы мүмкін екенін атап өтті.
Халықаралық есеп айырысу банкінің дерегінше, бүгінде әлемдік нарықтағы стейблкоиндардың 99 пайыздан астамы долларға байланған, ал глобалды стейблкоин нарығының көлемі шамамен 247 миллиард долларды құрайды.
28 қазан 2025 ж. 246 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 34

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 28

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 41

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 42

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 43

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031